Жаңалықтар

Бізді жігерлендірді

Айдана ӘБДІСАЛАМ,

Әйтеке би аудандық жастар ресурстық

орталығы басшысының міндетін атқарушы:

— Жолдау — қоғамның жаңа сатыға көтерілуінің басты негізі. Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз осыған дейінгі Жолдау міндеттерінің тиянақты орындалуының нәтижесі.

Ұлт көшбасшысының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жалынды жастарға ерекше жігер сыйлады.

Елбасы әрдайым жастарға жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Мәселен, елімізде әлемдік деңгейдегі универ­си­тет пен зияткерлік мектептер ашылып, «Бола­шақ» бағдарламасы жасақталды. Сондай-ақ жастарға арналған түрлі тиімді бағдар­ламалар қарастырылған. Бұл орайда «Дипломмен ауылға», «Жастар практи­касы», «Жұмыспен қамту — 2020», «Биз­нес­т­ің жол картасы — 2020» секілді жоба­ларды да нық сеніммен атай аламыз. Мұның барлығы жастарға берілген зор мүмкіндік деп білемін.
Мемлекет басшысының келер жылды Жастар жылы деп жариялауы бекер емес. Еліміздің даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі белгілі. Осы ретте Елбасы жариялаған тың бастама талай жастың үмітін оятатыны сөзсіз.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button