Жаңалықтар

Үш ауданның жолы жөнделеді

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында өңірлік және қалалық инфрақұрылымдыжүйелі түрде дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Биыл осы мақсатта қаржыландыру көлемі де артты. Нақты айтқанда, жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Елбасы облыстардағы ішкі жолдардың, яғни ауылдар мен аудан орталықтарын, аудан орталықтары мен облыс орталықтарын байланыстыратын автомобиль жолдары құрылысына маңыз беріп отыр. Осы орайда Жолдауда көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасының «екінші тынысын» ашу керектігі атап айтылды.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың Ақтөбе өңірінің тұрғындарына да берері көп. Мысалы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолын жөндеу барысында Темір, Байғанин, Мұғалжар аудандарында жолдар жөнделетін болады.

Жалпы, өзім 2000 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін. Жолдар салу мен оларды жөндеу бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатқанына көпшілік куә. Ал мұның бәрі — қарапайым адамдардың игілігі үшін жасалып жатқан шаруа.

 

Төлеген ТАҢАТАРОВ,

«ТрансМостГрупп» ЖШС директоры:

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button