Жаңалықтар

«Наурыздың» нақты жоспары

Ауыл шаруашылығы — ел экономикасының қарқынды дамуына үлес қосып келе жатқан ең басты салалардың бірі. Президент кезекті Жолдауында да ауыл шаруашылық саласын дамыта түсуге ерекше басымдық берді.  Әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігі айтылды. Бұл өз кезегінде аудандағы ауыл шаруашлық саласындағы жасалып жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіре түсуге жол ашады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда: «Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет», — деп атап өтті. Бүгінгі күні ауданымызда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынды дамуына бұл қолдау септігін тигізбек. Атап айтсақ, Абай ауылдық округіндегі «Наурыз» шаруа қожалығының осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары сөзімізге толық дәлел бола алады. Аталған қожалық иесі мемлекет қолдауының арқасында егіс даласына арналған техникаларының барлығын жаңартып, технологияларды өз деңгейінде сақтап отыр. Шаруашылық шағын болғанмен, иелігіндегі 1500 гектар жерді тиімді пайдаланып, толық игеруде. Технологияны толық сақтағандығының арқасында, биылғы жауын-шашынның аздығына қарамастан гектарына 12 центнерден өнім алып, аудан шаруаларының алдыңғы сапынан көрінді.

Елбасы кезекті Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің толық әлеуетін іске асыру керектігін айтты. Алдағы уақытта біз ауданымызда бұл саланың одан әрі дамуына әрі өңірдің барлық мүмкіндіктерін пайдалану жолында еңбек ететін боламыз.

Қойшыбай РСАЛИН,

Хромтау аудандық ауыл

шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button