Жаңалықтар

Депутаттар жол құрылысымен танысты

Халық қалаулылары облыс орталығындағы жолдарды жөндеудің барысымен танысты.

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары өткен демалыста облыс орталығындағы жаңа автомобиль жолдарының құрылысымен, күрделі және орта жөндеуге байланысты жұмыстардың орындалу барысымен танысты.

Әуелі халық қалаулылары мердігерлік компания 2017 жылы жолға жөндеу жұмыстарын жүргізген Красин көшесіне келді. Бұл жерде талай сауалдар туды, алайда мердігерлер болған жоқ.

— Күрделі жөндеуге қаралған қаржының жалпы мөлшері — 38 миллион теңге шамасында. Учаскенің ұзындығы 541 метр. Мемлекеттік сарапшылар бекіткен жобаға сәйкес жол төсемі төселді, — деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Алдияров.

Алайда депутаттар тарапынан 6-7 метр асфальт төсемінің бар болғаны 4,7 метр құрағаны қалай деген сауал туды. Бірақ бұған бұл сала өкілдері лайықты жауап  бере алмады.

Зоя Космодемьянская көшесін жөндеу қалалық қазынаға 50 миллион теңгеге түсті. Алайда бұл жерде де орындаушыларға кездесудің мүмкіншілігі болмады.

— Мердігер мен техникалық қадағалау өкілдерін тыңдай алмадық. Сондықтан да жолдың сапасының тиісті техникалық шарттар мен стандарттарға жататынына қатысты біз ештеңе айта алмаймыз. Бұл дұрыс емес. Олар келіп қатысуға және атқарылған жұмыстары туралы есеп беруге тиіс  еді, — деп ескертті қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова.

Бұдан соң депутаттар Байғанин көшесі бойындағы жолдың бөлігін қарады. Асфальт төсемінің жартысын «Базис-А» ЖШС биыл төсеген, екінші жартысы 2019 жылға көшкен.

— Жобаның өзі 2017 жылы жасалған. Оны жүзеге асыру 2018 жылы басталды, аяқтау келесі жылға белгіленген. Жобаның жалпы көлемі 103 миллион теңге көлемінде. Учаскенің ұзындығы 1 800 метр. Бүгінгі күнге жұмыстың 70 пайызы орындалды.

Жаяу жолдарды көріктендіру мен жарықтандыруға қатысты да жоба қарастырылған. Алайда бұл жоба бюджеттік қаржының жетімсіздігіне байланысты орындалған жоқ. Алайда 2019 жылы бұл жұмыстарды толық аяқтаймыз.

Құрмыш ауданындағы Құлымбетов, Байғанин және Өтемісов көшелерінде де осындай проблемалар бар, — деп мәлімдеді қаланың автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Данияр Аймағамбетов.

Қалалық мәслихаттың депутаттары Ақтөбе қаласының  жол құрылыстары мен оларды жөндеу жұмыстары бұдан әрі де айрықша бақылауда болады, бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып рейдтер өткізіледі деп сендірді.Сондай-ақ мұндай шараларға алда мердігерлер мен техникалық қадағалау органдары өкілдерінің қатысуы міндетті шарт болмақ.

 В.БУРЬЯНОВ.   

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button