Жаңалықтар

Жаңа тағайындаулар

Облыс әкімдігінде өткен жиында үш басқарма мен әділет департаментінің жаңа басшылары таныстырылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Рахат Сыдықов Қарғалы ауданының әкімі лауазымынан босатылып, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы қызметіне тағайындалды.

Рахат Сыдықов 1962 жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Ақтөбе газ шаруашылығының өндірістік бірлестігінде бас инженер болып бастап, кейін Шалқар ауданаралық газ шаруашылығы басқармасын басқарды. 2002 жылдың мамыр айында Шалқар ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым айында Қарғалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

***

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған Нұрлан Иманалин тағайындалды.

Нұрлан Иманалин 1966 жылы туған. Алматы теміржол транспорты инженерлер институтын жол қатынасы инженері-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Батыс Қазақстан теміржолының Ақтөбе қашықтық жолының монтері болып бастады. Кейін инженер болып еңбек етті. Мемлекеттік қызметке 1992 жылы келіп, Ақтөбе қалалық әкімшілігінің бөліміне аға референт болып қабылданды. Әр жылдары Қобда ауданының Исатай ауылдық округінің әкімі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болған. 2017 жылы қазан айында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалады.

***

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып бұдан бұрын облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болған Әділ Қайырмеков тағайындалды.

Отыз бір жастағы Әділ Қайырмеков Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономика институтын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы екінші деңгейдегі банкте клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман болып бастаған. 2010 жылы Ақтөбе облысы қаржы басқармасының бөліміне бас маманның міндетін атқарушы болып қабылданады. Осы басқармада әртүрлі лауазымдар атқарған. 2015 жылдың тамыз айынан бері Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.

***

Бұдан өзге, ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен облыстық әділет департаментінің басшысы лауазымына бұдан бұрын ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы лауазымын атқарған 38 жас тағы Бекболат Қолымбаев тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button