Жаңалықтар

Тіл — бірлік негізі

Дөңгелек үстел

 Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Тіл тағдыры — ұлт тағдыры» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары қатысты.

Басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанова медицина саласындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясы жөнінде, ал басқарманың штаттан тыс маманы Роман Рахиев 2004 жылдан бері тіл конференциясы ұйымдастырылатынын, ана тілінің мәртебесін көтеру мақсатында түрлі басқосулардың өтетінін айтып өтті.

— Келер жылы «Тіл туралы» заңның қабылданғанына отыз жыл толады. Бірақ әлі күнге дейін мемлекеттік тілге қатысты мәселе көп. Денсаулық сақтау басқармасы бұл ретте тіл проблемасын күн тәртібінен түсірген емес. Медициналық құжаттардың, терминдердің дұрыс, сауатты жазылуына ерекше мән береді. Қазір ішкі айналым құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Дегенмен әлі де болса жұмыс жүргізілу керек,деді Роман Рахиев.

Қазіргі күні облыстың медицина саласында еңбек ететін өзге ұлт өкілдерінің жүз алпысы мемлекеттік тілде таза сөйлейді. Оның қырықтан астамы —  жасы отыз беске дейінгі азаматтар. Осыдан екі жыл бұрын «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты облыстық байқау ұйымдастырылып, медицина колледжінде оқитын молдован қызы бас жүлдені иеленген болатын. Жалпы басқарма тарапынан қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Жиында ардагер журналист Нұқы Қартбайұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов секілді азаматтар тіл мәртебесін көтеруге қатысты мәселелерді айтты.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button