Жастар

Үміт ақтаған үздіктер

Кездесу

Ақтөбенің спортшы жастары студенттермен кездесті. «ROCKY» бокс спорт кешенінде өткен шараға ММА спортшысы, аралас жекпе-жектен «Fight Nights Global» әлемдік турнирінің жеңімпазы Жалғас Жұмағұлов пен ҚР спорт шебері, кәсіпқой бокстан ІВF турнирінің жеңімпазы Бахтияр Эюбов қатысты.

Кездесу барысында қонақтар жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,  шаршы алаңдағы тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық жастар саясаты мәселелері  басқармасы мен  жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып өткізген шараның мақсаты — жастарды рухани адамгершілік қасиеттерге баулу, өңіріміздің дамуына өз үлесін қосқан азаматтар арқылы жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеу.

— Еліміздің әрбір азаматы бетке ұстар барлық тұлғаларымызды тануы тиіс. Сол себепті еліміздің әртүрлі саладағы алдыңғы буын өкілдерін ертеңгі ел болашағы жастармен кездестіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тәлім-тәрбие алу мақсатында бүгінгі кездесуді ұйымдастырдық, — дейді облыстық жастар саясаты мәселелері  басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов – ММА спортшысы, аралас жекпе-жектен «Fight Nights Global» әлемдік турнирінің жеңімпазы.

Ал Бахтияр Эюбов – бокстан әлем чемпионы, АҚШ-тың,  Мичиган штатының Детройт қаласында өткен кәсіпқой бокстан ІВF турнирінің жеңімпазы болды. №2-балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, ақтөбелік спортшы, Бақтияр Эюбов — әлем боксындағы жаңа жұлдыз. Бірінші жартылай орташа салмақтағы үздік боксшы. Қазір IBF тұжырымындағы әлем чемпионы өңірлік титулының иегері.

           Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button