Жаңалықтар

Кімдер несие ала алады?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес бастамасы» атты халыққа Үндеуінде, қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін, «72025» бағдарламасын ұсынған еді.

Бағдарлама елімізде үстіміздегі жылдың шілде айының басынан жүзеге асырыла бастады.

Бұл бағдарлама бойынша кімдер баспана ала алады, баспана алушыға қандай шарттар қойылады, несие өсімінің мөлшерлемесі қанша? Әлеуметтік сала қызметкерлеріне баспана алу үшін басқа қандай мүмкіндіктер ұсынылады?

7 қыркүйек күні Ақтөбедегі Өнер орталығында бас қосқан мәдениет саласы қызметкерлеріне осы мәселенің егжей-тегжейі түсіндірілді.

Өнер орталығына кітапхана, музей, т.б. мәдениет мекемелерінде еңбек етіп жүрген 500-ден астам адам, негізінен, жастар жиналды. Көпшілік алдында ҚР Ұлттық Банкі облыстық филиалының, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері сөз сөйледі. Олар «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін қандай құжаттар керек, несие алушыға қойылатын талаптар, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспана алудың жолдары төңірегінде әңгімеледі.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін несие мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан аспайды. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 25 жылға дейін болады. Ал бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде талап етіледі.

Сондай-ақ, бұл бағдарлама аясында тұрғын үй алуға талаптанған адамның басында баспанасы болмауы керек.

Жалпы, өткен жылы облыс орталығында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, мәдениет саласының 22 қызметкері баспаналы болған.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button