Жаңалықтар

Облыс әкімі қала құрылысын аралады

Өткен демалыс күндері облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс ретімен аралап, жаңа әлеуметтік ғимараттардың, индустриалдық және инфрақұрылымдық объектілердің құрылыс барысымен танысты.

Сенбі күні облыс басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып Батыс-2 шағын ауданында салынып жатқан оңалту орталығына барды. Қазіргі кезде мұнда әрлеу, құрылыс аумағын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Таяу күндерде мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуге арналған медициналық және өзге де құрал-жабдықтар жеткізілмек. Арнаулы медициналық бұл мекеме ашылған соң күтіп отырған көптеген ақтөбелік отбасыларға тиісінше жәрдем көрсетілмек.

Еске сала кетейік, аталған құрылыс объектісі туралы келісімге өткен жылы желтоқсан айында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Русская медная компания» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасы Игорь Алтушкинмен кездесу барысында қол жеткізілген.

Сондай-ақ Батыс-2 шағын ауданында 2500 орындық Мұз сарайының құрылысы да аяқталып келеді. Жоба құны — 3,7 миллиард теңге көлемінде, «H+H Technika» словак компаниясы  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жүзеге асыруда. Қазіргі заманғы спорттық кешен базасында спорттың хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және басқа да қысқы түрлері өркендейтін болады.

Мұнымен бірге аймақ басшысы балаларға арналған стоматологиялық емхананың құрылысының барысын қарады.

Жексенбі күні облыс әкімі «Әсем» балалар лагеріне барды. Оның базасында «Бақытты бала» жобасы аясында «Артек» лагері үлгісіндегі жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орны құрылмақ. Лагерьдің қазірдің өзінде оқу және жатын қорпустарының құрылыстары аяқталып қалған. Сәулетшінің ойы бойынша, оқу ғимаратының дизайны ашық кітап түрінде орындалатын болады. Лагерьде балалар оқу процесінен қол үзбей, тұрады және демалады.

Сондай-ақ осы күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе фероқорытпа зауыты ауданындағы жол өтпесінің, «Көктас» ЖШС силикат бұйымдары өндірісі зауытының және «Ақтөбе» индустриалдық  аймағындағы бірқатар жобалардың құрылыстарының барысын қарады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button