Жаңалықтар

Азаматтарды қабылдады

23 тамызда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелер бойынша кезекті рет қабылдады.

Ақтөбе тұрғындары өз өтініштерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, материалдық және басқа да көмек көрсетуге байланысты айтып, өңірдің дамуына қатысты тілектері мен ұсыныстарын білдірді. Мысалы, облыс орталығының тұрғыны Ольга Шпак Макаренко көшесіндегі 5 және 7/1 үйлердің іргелес аумағын абаттандыруға көмек көрсетуді сұрады.

Облыс басшысы барлығы 10 адамды қабылдады.

Бердібек Сапарбаев барлық азаматтарды мұқият тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңнама аясында мәселелерді шешуге көмектесуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button