Білім

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы талқыланды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы қаралды.

Облыс бойынша тестілеудің орташа балы — 85,6. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 3,2 балға жоғары.

Тестілеуге барлығы 5 230 түлек қатысты. 533 түлек (10,2%) шектеулі ұпайды жинай алған жоқ. Олардың арасында төрт «Алтын белгі» иегері де бар. Бұл дерекке байланысты жиын төрағасы мен қатысушылар бірқатар сұрақтар қойды.

— Жалпы, биылғы көрсеткіштер жаман емес. Бірақ басын ашып алатын мәселелер де бар. 50 балл жинай алмаған балалардың қатарында «Алтын белгі» иегерлері қалай жүр? Себеп-салдарын анықтап, тамыз кеңесінде толық талдау жасау керек, — деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

Бұл тапсырма облыстағы алпыстан төмен балл алған 16 мектепке де қатысты.

Жиында мектептерді жөндеу жұмыстары, оқулықтармен қамтамасыз ету мəселесі,  сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің  еңбекақысы бойынша ағымдағы жағдай айтылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button