МәдениетРухани жаңғыру

Портреттер көрмесі

Облыстық Өнер музейінде «Суретші портреті» атты акция өтті.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қабылданған «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шараға 11 суретші өз үлесін қосты. Олардың арасында ҚР Суретшілер одағының мүшелері Айдар Еспаев, Ирина Құрманәлина, Манас Қожағұлов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Марат Ғабдрахманов сынды еліміздегі, шетелдердегі көрмелерге қатысып жүрген белгілі шеберлермен қатар, шығармашылық жолын енді бастаған жас суретшілер де болды.

Бейнелеу өнерінде портрет жеке жанр екені белгілі. Аталған шара, біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына бір жыл толуына орайластырылса, екіншіден, портрет жанры арқылы көпшілік назарын бір сәтке бейнелеу өнерінің тылсым сырлы әлеміне аудару көзделді. Акцияға ерікті түрде атсалысқан қылқалам шеберлері келушілер немесе өз әріптестері арасынан тілек білдірушілердің портреттерін салды. Олардың туындылары музей қорына алынды.

Бүгінгі күні музейімізде осы акция барысында салынған портреттер көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге сәтті шыққан 25 туынды қойылған. Көрмені 2 мамырға дейін тамашалай аласыздар.

 Жансая ЕСЕНЖАНҚЫЗЫ,

облыстық Өнер музейінің кіші ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button