«Бақытты бала»Жаңалықтар

Батут орталығы ашылды

Мереке қарсаңында Ақтөбеде батут орталығы ашылды. Кешеннің ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Облыс әкімі жиналғандарды Наурыз мерекесі және орталықтың ашылуымен құттықтады.

Үлкендердің негізгі міндеті — балаларға жағдай жасау. Біз балаларды ұмытпауымыз керек. Мемлекетімізде балалар үшін барлық мүмкіндік жасалып жатыр.  Ақтөбеде шығармашылық академиясы, хоккей модулі және бірнеше футбол алаңдары салынды. Бүгін  облыста бірінші рет батут орталығы ашылып отыр. Атыраудан келіп, осыны іске асырған қыз-жігіттерге  рақмет, — деген облыс әкімі жиналған балаларға сабақты беске оқып, спортпен шұғылдану керектігін айтты.

Сәңкібай батыр даңғылындағы  «Перчини» мейрамханасының ғимаратында орналасқан орталықтың ашылуында 150 бала  батутта ойнады. Кешенде 27 кәсіби батут бар, яғни  қабырғамен жүруге, акробатикалық қимылдарды орындауға арналған спорттық батуттар балалар үшін қызықты. Батут орталығының аймақтық менеджері Айгерім Мақсұтқызының айтуынша, бұл жерде ата-аналардың балаларымен бірге еркін демалуына барлық мүмкіндік бар. Орталық «Ниндзия-зона» және тағы басқа аймақтарға бөлінген.

— Бұған дейін Атырау қаласы бойынша жұмыс істедік. Ақтөбені зерттей келе спортпен шұғылданатын балалардың көп екенін байқап, орталық ашуды жөн санадық. Алдағы уақытта Ақтау, Орал қалаларында ашу жоспарда бар, —  деді ол.

Орталықта бір сағат ойнау үш мың теңге тұрады. Сондай-ақ әртүрлі жеңілдіктер де қарастырылған. Аптаның дүйсенбі күні әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасыз балалар, түрлі ауыр сырқатқа шалдыққан балдырғандар тегін ойнауына болады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button