Басты жаңалықтарДенсаулық

«Дару» орталығына — 5 жыл

«Дару» оңалту орталығының бес жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Жиынға Оңтүстік Корея, Ресей, Татарстан елдерінен ғалымдар қатысты.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев жиналғандарды құттықтап, шараның мақсатын түсіндірді. «Дару» орталығы бес жылдан бері тұрғындарға медициналық оңалту қызметін көрсетіп келеді. Орталық заманауи жабдықтармен жарақталған. Отадан кейін науқастар осы жерде оңалту шараларынан өтеді. Әсет Қалиев орталық директоры Ғалымжан Елеуов пен дәрігерлерге облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ  басқарма тарапынан да бірқатар ақ халаттылар марапатталды. Салтанатты шарадан соң конференцияның негізгі жұмысы басталды. Кореяның Тегу қаласындағы Католиктік университеттің физиотерапия факультетінің деканы Ким Джон Ху «Жүйке бұлшық еттеріндегі пластикалық өзгерістерді функционалдық қалыпқа келтіру бойынша инновациялық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады. «Дару» оңалту орталығының кардиооңалту бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Светлана Феоктистова «Миокард инфарктісі және жүрек реваскуляризациялау операциясы болған науқастарды медициналық оңалту аспектілері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ Ресей мен Татарстаннан келген ғалымдар неврология, ми қан айналымының бұзылысы, буындарды эндопротездеу бағыттарында тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамалар жасады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button