«Бақытты бала»Жаңалықтар

Кішкентай өнерпаздармен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Media pro» продюсерлік орталығының жұмысымен танысты.

Ұл-қыздар ән айтып, билеп, бір сөзбен айтқанда, шығармашылықпен айналысатын орталықтың жұмыс істегеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Осы аралықта өнерін дамытқысы келетін көптеген балалардың мекеніне айналған ғимараттың тынысымен танысқан атқарушы билік өкілдері, сонымен қатар, олардың алдағы жоба-жоспарларын білді. Жанаргүл Досова басшылық ететін орталықтағылар көктем мерекелеріне әзірлік жұмыстарын да көрсетті.

Кішкентай өнерпаздардың жас әнші Ален Құрманбаевтың туған күнін тойлау сәтіне дөп келген Бердібек Машбекұлы оны жаңа жасымен құттықтап, батасын берді. 13 жастағы бозбаланың музыка әлеміндегі жетістіктері қазірден айтарлықтай…

Облыс әкімі продюсерлік орталықтың атқарып жатқан жұмысына оң баға беріп, оларды облыстық «Бақытты бала» жобасына атсалысуға шақырды. Өз кезегінде мұндағылар өңірдегі барлық мәдени-көпшілік шараларға қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button