БілімЖаңалықтар

Оқушылар мектеп формасын сақтауы тиіс

Облыста балалары мектеп формасын сақтамайтын ата-аналармен жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің мәліметінше осы жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша облыста мектеп формасын сақтамаған 340 оқушы бар. Олардың ата-аналарымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 123 оқушының ата-анасы мектеп талаптарымен келісті, бүгінде олардың балалары бірыңғай форма киіп, сабаққа күнделікті барып жүр. Солардың ішінде 38 бала Ақтөбе қаласынан, қырық бала Темір, 26 бала Мұғалжар, 10 бала Алға және басқа да аудандардан.

Облыс басшысы осы бағыттағы жұмыстарға қоғам өкілдері мен мектептердің қамқоршылық кеңестерінің белсенді қатысуы қажеттігін атап өтіп, бұл жұмыстарды әсіресе аудандарда күшейтуді тапсырды.

«Әңгімелесуді ата-аналар да, мектеп директорлары да жүргізулері тиіс. Бірақ, ақсақалдар, қоғам арасында, өз ауылында, ауданында, қаласында бедел мен сенімге ие кісілер де сырт қалмаулары аса маңызды», — деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

  1. Ой тоба не деген ақмақтық мемілекеттік заңға бағынбау нағыз күнәнің үлкені кімге пайда кімге зиян оқымаса далада қалатынын ата ана білуі керек емеспе ол бала өссін әуелі оңымен солын танысын содан кейінде үлгереді ақылға келгендерің дұрыс Елбасы айтқасын тыңдау ләзім деп түсін орамалда тұрған дым жоқ ормалсыз әйелдің ісі қабыл болмайды деген бар бірақ бұлар оң жақтағы қыздар емеспе қазақ қызына ақ ормал тақтырмаған қызыл шаршы тартқан ал орап қою не әдет түсінексіз

  2. Егер дініне, ұлтына, өмірлік ұстанымына байланысты киінуге рұқсат берілсе, онда ешкім мектеп формасын сақтамайды, бірі орамалмен тұмшаланып, екіншісі кіндігін ашып, т. б. бейбастық басталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button