Денсаулық

Облыста  44 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді

Анық-қанық

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша тұмауға қарсы 44 077 адам егілді. Оның ішінде ақысыз түрде — 20 653, жұмыс берушілер тарапынан бөлінген қаржыға 11 777 адам екпе алды.

Бұл туралы баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев мәлімдеді.

Бүгінгі күні тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі — вакцинация. Тұмау ауруын емдеу оны алдын алуға қарағанда мемлекетке қымбатқа түседі. Денсаулық сақтау саласында амбулаторлы науқасқа шамамен 20 мың теңге, стационардағы науқасқа 150 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалады. Мұхтар Сербаевтың айтуынша, облыста өткен эпидемиологиялық маусымда тұмаумен 233 адам ауырса, бұл 2015 жылдың желтоқсан және 2016 жылдың сәуір айларымен салыстырғанда  5,9 есеге өскен. Науқас адамдардың 30 пайызы —  14 жасқа дейінгі балалар, 38 пайызы —  жүкті әйелдер.

2017 жылы облыс тұрғындарының осал топтарын, медицина қызметкерлерін тұмауға қарсы иммунизациялауға жергілікті бюджеттен 28 миллион  теңгеден астам қаржы бөлінді. Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 32 334 данасы әкелінді.

Департаменттің мәліметінше,  тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау 1 қазанда басталып, 15 қараша күні аяқталды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button