«Ақтөбе — құтты мекен»ДенсаулықЖаңалықтар

Шеберлік сыныптары: 7 ота

«Туған жер» форумы аясында өңірімізге келген бірқатар хирург-дәрігерлер Ақтөбе медициналық орталығында ота жасап, шеберлік сыныптарын өткізді.

Алматы қаласындағы кардиология және ішкі аурулардың ғылыми-зерттеу институтының хирургі Алексей Колесников қуық артерияларының эмболизациясы диагнозы бойынша төрт ота жасады.

Қуық артерияларының эмболизациясы отасы ангиографиялық аппаратпен жабдықталған арнайы рентгенде жасалды. Эмболизацияны эндоваскулярлық хирургтер жасайды. Аталған ота қан тамырлары хирургиясы мен радиологиясы саласы бойынша  біліктілікті талап етеді.

Бұл ауру түрі 60 жастан асқан ер-азаматтарда жиі кездеседі. Отаның мақсаты — қуықасты безінің артериясын бітеу. Қуықасты безіне жасалатын оталардың бірнеше жолы бар. Эмболизация — соңғы уақытта пайда болған ота түрі. Ал бұндай отаны жасауда Алексей Колесниковтің біліктілігі өте жоғары. Ол — жүзден аса ота жасаған хирург. Ал бүгін 70 жастағы ер адамға ота жасалды, — деді медицина ғылымының докторы, профессор Олег Құрманғалиев.

Сондай-ақ бұл күні республикалық трансплантация үйлестіру орталығының директоры, академик Жақсылық Досқалиев өт ауруына шалдыққан науқасқа  күрделі ота жасады.

— Өтке жасалатын ота — хиррургиядағы күрделі отаның бірі. Себебі өт бауырмен байланысты болғандықтан  потологиясы өте қауіпті. Бүгін үш ота жасау жоспарланып отыр. Негізгі ерекшелігі, 3D аппараты арқылы жасалады. Екінші операция өт жолдарындағы жоғарғы стриктура диагнозымен жасалып жатыр. Жақсылық Досқалиевпен алдын ала талқылау жұмыстары жүргізілді. Жақында Алға аудандық орталық ауруханасында да ота жасалды. Бұған дейін мұндай ота Астана, Алматы қалаларында ғана жасалған. Сондықтан бұл — жас хирургтар үшін мол тәжірибе, — деді облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереев.

Мамандардың айтуынша, хирург-дәрігерлер алдағы уақытта бірқатар шеберлік сабақтарын өткізеді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button