ЖаңалықтарРухани жаңғыру

«Ақтөбе» журналының жаңа саны жарық көрді

Ақтөбе қаласында «Ақтөбе» ақпараттық имидждік журналының №3 саны  жарық көрді.

Түрлі түсті болып, әсем безендірілген журнал  үш тілде — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шықты. Таралымы — 2000 дана.

Басылымда өңірдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы туралы жан-жақты жазылған.

Сонымен бірге, облыста алғашқы жартыжылдықта атқарылған, қолға алынған көптеген игі істер туралы мазмұнды мақалаларды да журналдың осы нөмірінен оқи аласыздар.

Нақтырақ айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған кешенді жұмыстар туралы материалдар көп.

Рухани жаңғыруға бағытталған жұмыстардың бір парасы — «Туған жер» республикалық форумын өткізу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар, «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған ауқымды жоба —  Қазақстанның киелі жерлері жөнінде материалдар бар.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясына» біздің облыстан 4 тарихи ескерткіш еніп отыр. Олар: Қобда өңіріндегі Абат-Байтақ кесенесі, Жиренқопадағы «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені,  Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» мемориалдық кешені және Алға ауданындағы Есет Көкіұлы кесенесі.

Сондай-ақ, басылымда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  іске қосылған жобалар, ірі жобаларды жүзеге асырып жатқан отандық, шетелдік инвесторлар, Ақтөбе мен Оңтүстік Корея, Израиль, Македония, Түркия мемлекеттерінің ынтымақтастығы туралы да мақалалар жарияланған.

Журналдың жаңа нөмірінде танымдық, ақпараттық материалдар да көп.

Өз тілшіміз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button