ЖаңалықтарРухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» атты флешмоб өтті

Ақтөбелік жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында флешмоб өткізді.

«Рухани жаңғыру» атты жастар флешмобы Ақтөбедегі ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Шара патриоттық әндермен басталды. Ақ және қызғылт сары түсті киініп, ашық аспан астында көк туымызды биікке желбірете шыққан жастардың жүздерінен ерекше әсерде екендіктерін байқадық. Флешмобқа жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарынан 300 студент қатысты. Осындай жастар акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, осы күні Ақтөбе қаласында республиканың барлық аймақтарынан келген әскери-патриоттық клубтар жетекшілері бас қосты. Жиында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі төңірегінде ой-пікірлер айтылды, үкіметке ұсыныстар әзірленді.

Ал жастар осы шарадан кейінгі аптаны қарттарға жәрдемдесу, қаланы көгалдандыру, тазалық жұмыстарына атсалысу сынды игі істермен өткермек.

Шараға қатысушылар еліміздің тарихы, халқымыздың салт-дәстүрлеріне қатысты сауалдарға жауап беріп, ең білгірлері арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.

Флешмоб соңында қатысушылар «Рухани жаңғыру» жазуын бейнеледі.

Перизат ЖАҢҒЫЛЫШБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button