«Ақтөбе — құтты мекен»

Туған жерде кездесейік!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Өсе бер, өркендей бер, әсем қала Ақтөбе!» — деген болатын. Міне, бүгінгі күні Ақтөбе үлкен және әсем қалаға айналды, халқының саны жарты миллионға жетті.

Биыл облыс әкімінің бастамасымен қыркүйек айының аяғында облыстың 85 жылдығына орай және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында «Ақтөбе — құтты мекен» атты халықаралық форум өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінде, алыс-жақын шетелдерде тұратын жерлестеріміз келіп қатысады. Аталған шараға 15 елден 300-ден аса адам келеді деп күтілуде.

Аталған форум қарсаңында біз Ақтөбенің даңқты перзенттерінің бірі, танымал xирург, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның «Жыл дәрігері» Жақсылық Досқалиевтің жүрекжарды лебізін жариялауды жөн көрдік:

— Ең алдымен, баршаңызды облысымыздың 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Биыл облыста «Ақтөбе жерлестерін шақырады!» атты үлкен шара өткелі отыр. Бұл шараның ұйытқысы болып отырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен сол кісінің қасында жүрген облыстың белгілі азаматтарына шын жүректен ризашылығымды білдіріп, рақметімді айтамын. Мен бүкіл жерлестерімді, әсіресе, Ақтөбеден басқа жерде тұрып жатқан ақтөбеліктердің барлығын осы форумға қатысуға шақырамын. Қай жерде болсақ та  бәріміз  жиналып, Ақтөбенің көркеюіне, абыройының асқақтауына үлес қосайық! Өзіміздің туған жерге, туған елге әрқашанда тағзым етейік!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button