Жаңалықтар

Тұрып қалған кәсіпорындарға байланысты шаралар қолданылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «е-Халық» ақпараттық жүйесін жүргізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және тұрып қалған кәсіпорындарға байланысты іс- шаралардың орындалу барысы туралы сөз болды.

Облыстағы «е-Халық» ақпараттық жүйесі тұрақты тұрғындар саны, ішкі және сыртқы көші қон мәселелерін саралау, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, тұрмысы төмен, жұмыссыз азаматтарды есепке алып отыру, барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелерді түйіндеу мақсатында 2016 жылдың қыркүйегінен бастау алды.

Жыл бойғы жұмыс нәтижесінде облыстағы 851 340 адамның 773 218 –і халықты  электрондық тіркеу ақпараттық жүйесіне енгізілген.Бұл көрсеткіш  91% құрайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «е-Халық» ақпараттық жүйесінде сақталған статистикалық, аналитикалық мәліметтер мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жоспарлауға және өңірдің дамуына арналған ресурстардың мақсатты және дұрыс бөлінуіне  негіз болатынын және осыған байланысты халықты тіркеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ, мәжілісте аймақтағы  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізудің  алдын-ала нәтижелері қаралды.

Жыл басынан бері еңбек ұжымдары және халық арасында 3 толқынды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде  35 мыңнан астам жұмысшыны қамтыған 25 ірі өндіріс кәсіпорынның жұмыс берушілері мен жұмысшылары арасында бірнеше кездесулер өткізілді.

Тұрақты немесе уақытша тіркелген жерлеріне қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтарды медициналық ұйымдарды еркін таңдау құқын ескере отырып  қосу науқаны нәтижесінде жүйеге 824 мыңдай адам тіркелді. «Әлеуметтік мәселелерді шешу» жобасы бойынша 5674 адамды қамтитын 11 жұмыс тобын Мұғалжар, Хромтау, Байғанин, Алға, Темір аудандарына жіберу ұйымдастырылған. Осыған байланысты облыс халқы арасында жеке кәсіпкерлермен, белсенділігі төмен тұрғындармен, ауыл шаруашылық жұмысшылырымен, жеңілдік санаттағы тұрғындар өкілдерімен 4697 кездесу өткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, қазірдің өзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қорына жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерден түскен жарналар мен шегерімдер нәтижесінде  шамамен 280 миллион теңге жинақталып үлгерді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың мәлімдеуінше, 109 мың адамның мәртебесі айқындалып, оның 47 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар екені анықталды. Аталған ақтөбеліктер «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, 7437-іне жұмысқа тұруға көмек көрсетілді, 4536 адам тұрақты жұмыс тапты, қалғандары кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, ақылы қоғамдық жұмыстарға бағытталды.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне өз бетінше жұмыспен айналысатындарды қазіргі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, бизнесті бастауға көмектесуге байланысты барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар жиында бос тұрған кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану шаралары мәселесі талқыланды. Қазіргі кезде аймақта 13 кәсіпорын тоқтап тұр. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «МТС-Трактор», «Алғабас», «Әдемі», «Ақ Руно», «Компания ТекшеТас» ЖШС темір бетон сақиналарын, плитка желімін, бөренелерін, сүт-айран және басқа да өнімдерді өндіру бойынша жұмыстар бастады.

— Бос тұрған кәсіпорындардың іске қосылуы, өндірістерді технологиялық жаңғырту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Біздің міндетіміз — оны жүзеге асыру үшін барынша тиімді шараларды қабылдап, қиын жағдайда қалған компанияларға мүмкіндігімізше қол ұшын созуымыз қажет. Атап айтқанда, оларға инвестор табу, өндіріс алаңдарын жалға беру, олардың базасында бизнес-инкубаторлар ашуға жәрдемдесу керек. Бұл бағыттағы жұмысты күшейтуге тиіспіз, — деп жиынды қортындылады облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button