Газет тарихы

«АҚТӨБЕ» ГАЗЕТІ — ОБЛЫС БАСПАСӨЗІНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Биыл облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына 98 жыл толады. Халқымыз қадірлеген данышпан Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Баспасөзге берілген осы баға бір ғасырдай уақыт бойы өз құнын жоймай келеді. Газет алғашқы күннен-ақ ұлттың сөзін сөйлеп, елдің мұңын жоқтады. Бұл басылым ғасырға жуық уақыт бойы Ақтөбе өңірінің тұтас жылнамасын жазып келеді.

  • 1924 жылғы 7 маусымда газеттің тұңғыш нөмірі төте жазумен (араб әліпбиі) «Кедей» деген атпен шықты.
    Сол кездегі заман талабына сәйкес «Кедей» газетін шығаруға кеңестік билік бастамашы болды. Аптасына бір рет, бар болғаны екі бет көлемде жарық көрген «Кедей» газетінің маңдайшасына «Ақтөбе губерниялық советі һәм партия комитеттерінің тілі» деп жазылды.
    Газеттің басты тақырыбы халық ағарту мәселесінің өзекті жайттары болғаны байқалады. Көпшілікті білім алуға шақыру, оларды оқыту мәселесі, осы бағыттағы үгіт-түсінік жұмыстары кеңінен жазылды. Шаруашылық мәселелері де көрініс тапқан.
    • 1930 жылғы тамызда округтер мен уездердің орнына аудандар ұйымдасқанда «Кедей» газеті «Алға» болып өзгерді.
    • 1932 жылғы 13 наурызда облыс құрылып, газеттің аты әуелі «Социалдық жол», кейін «Социалистік жол» болып өзгерді.
    Соғыстың алдында ғана осы өңірде орын тебе бастаған өндіріс алыптары — Алға химия комбинатының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылысы, артельдердің жұмысы жан-жақты жазылып, ендірістегі екпінділердің іс-қимылы қалың көпшілікке үлгі етіп таратылды. Даңқты тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің іс-тәжірибесі де осы кездері әйгіленіп, стахановтық қозғалыстың ерлері газет бетінде үзбей марапатталып жатты. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда барлық ер-азаматтар сияқты газет қызметкерлері де түгелге жуық майданға аттанды. Солардың ішінде Абдолла Ерназаров, Ахмет Ескендіров, Қонысбай Ерғарин сияқты белгілі журналистер майданда ерлікпен қаза тапты. Газетте «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» айдары тұрақты орын алды. Газет бетінде сол тұстарда тұрақты көтерілген мәселелердің бірі облыс тұрғындарының майдан қоры үшін облигацияларға жазылуы еді. 1944-1954 жылдар арасында біртұтас Одақтың тыныс-тіршілігін қияндағы ауылдарға жеткізіп тұрған мерзімді басылымдардың бірі облыстық «Социалистік жол» газеті еді. Газетте көбіне-көп ресми материалдар жарияланды. 1947-1950 жылдар аралығындағы газет тігінділерінде ресми материалдармен қатар ауыл шаруашылығын өркендету, мал өнімдерін өндіру, егіншілік, мәдени хабарлар жиі жарияланатын болған. 1944-1954 жылдары «Социалистік жол» ірі-ірі оқиғалардың куәсі болды. Заман жаңару, қалыптасу үстінде еді. 1954 жылы газет тыңға келушілер туралы үзбей материалдар жариялап тұрды. Дала төсін дүбірлі еңбекке бөлегендер туралы суреттемелер, очерктер жарияланды.
    • 1962 жылы газет «Батыс Қазақстан» деген атпен шықты.
    Өлкелік деп аталған «Батыс Қазақстан» газеті «коллективтік насихатшы, коллективтік үгітші ғана емес, сонымен бірге коллективтік ұйымдастырушы» міндетін де адал атқарып жатты. Бұл кезгі газет беттерінде еңбеккерлер туралы суреттемелер мен очерктер мол кездеседі. Газеттің 400-ге жуық тұрақты авторы, 700-ден астам ауыл-село тілшісі, 18 постысы болды. Газеттің Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің I, II дәрежелі дипломдарымен, КСРО Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталғаны — осы кезең.
    • 1965 жылы «Коммунизм жолы» шыға бастады.

1974 жылы облыстық «Коммунизм жолы» газетінің шыға бастағанына 50 жыл толуына орай «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
• 1990 жылғы 12 қазаннан бері газет «Ақтөбе» деген атпен шығып келеді.
Бүгінгі күні жиырма мыңға жуық таралыммен шығып, одан бірнеше есе көп оқырманының қолынан өтетін бұл газеттің бұқаралық ақпарат құралдары арасында алатын орны ерекше. Газет аптасына 3 рет шығады.
Ғасырға жуық тарихы бар «Ақтөбе» газетінің жылдар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар. Облыс баспасөзінің қара шаңырағына айналған «Ақтөбенің» қазіргі бағыты да — қоғамға, ұлтқа қызмет ету. Газет ұжымы қоғамдағы түрлі проблемаларды назардан тыс қалдырмай, мемлекеттің саясатын жүргізіп, аймақ ақпараттарын жұртқа жеткізуде, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа түсіндіруде күн сайын тынымсыз қызмет атқарып келеді.
Газет журналистері облыстың барлық аудандарында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, халықтың жағдайын, көкейкесті мәселелерін тұрақты көтеріп келеді. Соңғы жылдары газеттің Ойыл, Байғанин, Шалқар, Темір және Ырғыз аудандарындағы күндері өтті.

Кездесулер барысында «Ең белсенді оқырман», «Жанашыр оқырман», «Ең жас оқырман» номинациялары бойынша сыйлықтар тапсырылды. Бірқатар тұрақты оқырмандарға  Нұр-Сұлтан қаласындағы  EXPO-2017 халықаралық көрмесіне билет сертификаты табысталды. «Шипагер» шипажайына, «Ақбөбек» балалар демалыс орталығында демалу мүмкіндігіне ие болғандар бар. Көп салалы байланыс және электротехника колледжіне, басқа да оқу орындарындарына  ақысыз оқу сертификаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелеріне берілді.

Аудандардағы жүздесулер барысында сол өңірлерден шыққан елдің танымал тұлғалары Ыбырайым ахун Құлбайұлы, Бек Сүлейменов, Ишанбай Қарақұлов, Жансен Кереев, Әжімағи Смағұлов, Нұрқасым Бердіқұлов, Тобық Жармағамбетов, Қуандық Дүйсенов, Өтежан Нұрғалиев, Құрал Тоқмырзин, Есенбай Дүйсенбаев және басқаларының есімдеріне құрмет көрсетіліп, олардың атындағы сыйлықтар тағайындалуы рухани сабақтастық жалғастығы іспетті болды.

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің журналистері ежелгі Орынбор жерінде болып, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы астанамыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Сондай-ақ, орынборлық журналистер Ақтөбеге келіп, тәжірибе алмасты.

«Ақтөбе» газетінің Астана, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Орал облыстарына арнайы делегациялар алмасуы сапарын ұйымдастыруы көрші өңірлермен шығармашылық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді, олармен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Соңғы жылдары газет қызметкерлері бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие болды.

ЖШС директоры Раукен Отыншин, «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев «Құрмет» орденімен, газеттің бөлім меңгерушісі Нұрмұханбет Дияров «Ерен еңбегі үшін» медалімен, журналистер Мейрамгүл Сатаева ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Сәтжан Дәрібай, Индира Өтеміс «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

One Comment

  1. Приглашение на мероприятие
    Добрый день!
    Направляю приглашение на открытие первого магазина «Детский мир» в г. Актобе. Прошу сообщить о Вашем решении по электронной почте.

    Торжественное открытие магазина «Детский мир» в г. Актобе
    Дата: 25 августа 2016 г., начало в 12:00

    «Детский мир» приглашает представителей средств массовой информации на торжественное открытие своего первого магазина в г. Актобе!

    В церемонии открытия примут участие:
    • Аким г. Акобе Ильяс Испанов
    • генеральный директор «Детский мир – Казахстан» Фарид Камалов
    • генеральный директор ТК CITY ТК «CITY» Асхат Айтжанов
    • руководитель Государственного учреждения «Отдел предпринимательства города Актобе» Анар Даржанова

    В церемонии открытия также примут участие руководитель Отдела Образования г. Актобе Лаззат Уразбаева, директор Палаты предпринимателей Актюбинской области Нурлыбек Муканов, директор по маркетингу Татьяна Мудрецова, начальник управления по внешним и внутренним коммуникациям Надежда Киселева.

    Представители сети магазинов «Детский мир» представят журналистам программу развития торговой сети на 2016 год и вручат сертификат на сумму 250 000 тенге директору Областной специальной коррекционной школы-интернат для детей с нарушением слуха.

    Журналистов ждут приятные сюрпризы!

    Аккредитация СМИ:
    Валерий Прокопьев, пресс-секретарь ГК «Детский мир».
    Моб.: + 7 (985) 175-58-63
    vprokopev@detmir.ru

    Адрес: г. Актобе, City Shopping Center (12 мкр, стр. 21Л).
    Дата: 25 августа 2016 г., начало в 12:00

Back to top button