ЖастарЖаңалықтар

«Сәтті қадам» жалғасын тапты

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында «Сәтті қадам» жобасының екінші бағытының басталғанына қатысты баспасөз мәслихаты өтті.

«Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталиннің айтуынша, басты мақсат — жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектерін, соның ішінде балалар үйінде тәрбиеленген қыз-жігіттерді жұмысқа орналастыру. Облыста бұл топқа жататын 69 жас биыл дипломын алғалы отыр.

— Оның 15-і қаламыздағы жоғары оқу орнын, қалғаны колледжді бітірмек. Олардың басым көпшілігі педагогтар және техникалық мамандық иелері. Қазіргі таңда осыған қатысты өңірдегі ірі кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздер арада дәнекер болып, жетім балалардың дипломын алған бойда еңбекпен қамтылуына септігімізді тигізуге мүдделіміз, — дейді ол.

Соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша «Сәтті қадам» арқылы ақтөбелік 73 жас маман жұмысқа орналасыпты. Асылжан Бүркіталиннің сөзінше, аталған мерзімде жалпы саны 147 түлек жобаға қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, «Сәтті қадам» жобасы аясында жастар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда тағы­лым­дамадан өтуге, жұмысқа орна­ласуға, жалпы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік ала алады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button