Экономика

Төрт айдың тынысы

Статистика

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-сәуірдегі қысқаша қорытындылары

Табыс

2016 жылғы IV тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 68947 теңгені құрады. Сөйтіп, 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 10,1 пайызға өсті және нақты ақшалай табыстар 0,7 пайыз жоғары болды.

Жұмыс

2017 жылғы сәуірдің аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2,6 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,6 пайызы.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,1 пайызын құрады.

Жалақы

2017 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 115 747 теңгені құрады. Яғни 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,6 пайызға өсті.

Нақты жалақы индексі 2016 жылғы I тоқсанға 100,3 пайызды құрады.

Тұтыну

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы сәуірде 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103 пайыз құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына — 3,3 пайыздан, азық-түлік емес тауарларға — 2,4 пайызға, ақылы қызметтерге 3,3 пайызға артты.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі 2017 жылғы сәуірде 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,6 пайызды құрады.

Инвестиция

2017 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63 003 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылға сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2 пайызға көп.

Заңды тұлғалар. Жұмыспен қамту

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2017 жылғы 1 мамырға 15 985 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11 026 немесе тіркелгендер санына қатысты 69 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 97,8 пайыз болды және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,8 пайызды құрады.

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 13 227 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,4 пайызға артты.

Сауда

2017 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 129 651,3 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,4 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

Биылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 188 463,1 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 17,4 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 271 676,8 мың АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 69,9 пайызға көбейді, оның ішінде экспорт 126 007,3 мың АҚШ долларын құрады (60,8 пайызға көбейді), импорт 145 669,5 мың АҚШ долларын құрады (78,5 пайызға көбейді).

Өнеркәсіп

2017 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 469 967,9 миллион теңгені құрады, сөйтіп, 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 5,1 пайызға өсті.

Өңдеу өнеркәсібі — 15,1 пайызға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 5,8 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 3,2 пайызға, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,7 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығы

2017 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 33 074,6 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 3,2 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

2017 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 1794,2 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға өсті.

Жолаушылар айналымының көлемі 4692,3 жүк-километр құрап, 6 пайызға артты.

 Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button