Экономика

Өңдеуші өнеркәсіп өркендеу үстінде

Ақтөбе облысы өңдеуші өнеркәсіп саласында жетекші орынға шықты.

Өңірдегі бұл саланың табыстары туралы облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ерлан Назаров «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Ол өз баяндамасында мекеменің жұмысы туралы хабардар етіп, жұмыс қорытындыларын баян етті, сондай-ақ биылғы жылдың жоспарларымен бөлісті.

Ерлан Назаров баяндағандай, өткен жылдың қорытындысында облыстың өнеркәсіп өндірісі саласында нақты көлем индексі 100,2 пайызға жетіп, ақшалай алғанда 1,2 триллион теңгеден асты.

Экономиканы әртараптандыру және индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру біздің облысымызға өңдеуші өнеркәсіп саласында республика бойынша бірінші орынды иеленуге жол ашты. Бұл салада нақты өнім көлемі индексі 115,8 пайызды құрап, 355 миллиард теңгені көрсетті, ал өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 4 пайызға ұлғайды. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндіріс көлемін ұлғайту және Ақтөбе рельс арқалығы зауыты дамуының қозғалыстары көмектесті.

Бұл саладағы оң нәтижелер сондай-ақ биылғы жылдың алғашқы тоқсанында да байқалды. Үш ай ішінде өнеркәсіптің нақты көлем индексі 105,1 пайыз құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға артық. 350,4 миллиард теңгеден астам қаржының өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 86,9 миллиард теңгеге артық. Мамандардың болжамына қарағанда, биылғы жылы өнеркәсіп өндірісі көлемі 1,3 триллион теңгеге өспекші.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы инвестицияның елеулі өсуіне қол жеткізіліп, оның көлемі 374 миллиард теңге құрады. Биылғы жылы 400 миллиард теңге шамасындағы қаржы тартып, оны игеру көзделуде.

Бірінші тоқсанда негізгі қордағы оның көлемі 43,4 миллиард теңге болды. Сондай-ақ, биыл жалпы сомасы 33,7 миллиард теңге құрайтын 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл ретте 1,7 мың жұмыс орны құрылымдалмақшы.

 Н.ДӘУІРОВ.      

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button