Экономика

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі күн сайын тұрғындар арасында кеңінен дамып келеді, бірақ елімізде оның жаппай жүзеге асырылуын барлық тұрғындар бірдей түсіне бермейді. Бұл әріптестік механизмі жеке және мемлекеттік сектор арасындағы жеке қаржыны игеру және әлеуметтік инфраструктураларды басқару бойынша ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа байланысты негізделеді. Мемлекет егер  әлеуметтік маңызды нысандарға жеке кәсіпкердің көмегімен өз қаражатынан инвестиция салынса, бюджетті оңтайландыра алады, осылайша қаржы ауыртпалығын өздерінен алып тастайды және сол уақытта «мемлекеттік» нарыққа бизнеске кіруге мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі механизмі заңды түрде 1991 жылы енгізілді, ал 2006 жылы Қазақстанда оның заңнамалық базасын одан әрі дамыту үшін негізгі құжатқа айналған ҚР «Концессиялар туралы» жеке Заңы қабылданды.

2015 жылы ҚР «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі» Заңы қабылданды, ол бұл бағыттағы жобаларға бастамашылық жасауда жеке сектордың рөлін арттыра түсті.

Қазіргі уақытта әріптестік талаптары мемлекеттік маңызды жобаларда, өзара тиімді шарттарда мемлекет пен бизнестің өзара ұзақ мерзімді ынтымақтастық құруы бойынша маңызды балама болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында жобаларды жүзеге асыруға тиімді талаптар жасалуда. Мұндай жобалар үшін мемлекет жер береді, коммуникациялық байланыстарды қамтамасыз етеді, құжаттарды ресімдейді. Бизнестің міндеті — әртүрлі жобаларды салу және іске асыру үшін инвестиция ұсыну. Бұл мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі туралы заң қабылданғаннан кейін, мемлекетке қабілетті диалог тетігі енгізіледі, үкімет жоспарланып жатқан мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларын хабарлаған кезде, барлық қызығушылық танытып отырған жеке кәсіпкерді анықтау конкурсына қатыса алады.

Барлық жобалар мемлекеттің, сонымен қатар жеке кәсіпкердің (жеке қаржы бастамасы) тікелей келіссөздері арқылы болады.

Егер жеке кәсіпкерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларын жүзеге асыру идеясы болса, онда ол келесі жағдайларда тікелей келіссөздерді жүргізе алады: егер аталған жоба және баламалы ұсыныстар болмаған жағдайда,  оның объекті туралы меншік құқығы немесе ұзақ мерзімді жалға беруге құқығы болса, келісім шартты конкурс жарияламай тікелей келіссөздер арқылы жүргізеді.

Мысалы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі тетігі арқылы жеке жылжымайтын мүлікті жалға мемлекет алуы мүмкін.  Бұл жағдайда меншік иесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобасын іске асыру бойынша мемлекетке олардың жекеменшік үй-жайларын (мысалы, балабақша) жалға алуға ұсыныс тастауға құқығы бар, ал әріптестік объектісін өтеу құны жалға төленетін болады, қосымша қызметтер үшін белгілі көлемде кепілдік берілуі мүмкін.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі келісімшартын тікелей келіссөздер арқылы жүзеге асыру үшін бірнеше кезеңнен өту керек.

Әлеуетті жеке әріптес мемлекеттік әріптеске тікелей келіссөздер жүргізуге келесідей құжаттарды рәсімдейді және жөнелтеді (яғни, егер мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі  нысаны «Білім» саласына қатысты болса — «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, егер «Денсаулық сақтау» болса — «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ және т.б.):

— әлеуетті жеке әріптестің толық аты және мекенжайы;

— ұлты (жеке тұлғалар үшін), азаматтығы (заңды тұлғалар үшін);

— жеке серіктес әлеуетін білдіретін жеке және заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері туралы деректер;

— әлеуетті жеке әріптеске тиесілі объектінің немесе зияткерлік қызмет нәтижелерінің меншікті  жалға беруге дәлелді құжаттар тізбесі;

— Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобасының сараптамасы.

Өтінішті мемлекеттік қызметкер қараған уақытта, ол 15 жұмыс күні ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобасының жүзеге асыруының қажеттілігін анықтайды және өзінің қорытындысын шығарады.

Әрі қарай мемлекеттік әріптес өзінің интернет-ресурсында және БАҚ өкілдерінде жоспарланған мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобасы туралы қысқаша ақпарат шығарады, жеке әріптесті анықтау үшін техникалық қиындығына қарай 60 күнтізбелік күннен кем емес, ал басқа жобалар үшін 30 күнтізбелік күн.

Осыдан соң 5 жұмыс күні ішінде біліктілігін анықтау жүргізіледі.

Әлеуетті жеке әріптес біліктілігін анықтауға байланысты лайықты деп танылғаннан кейін конкурс ұйымдастырушыларына келесі құжаттарды ұсынады, оның ішінде:

1) шоттарындағы ақша болуын растайтын, құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, жылжымалы және жылжымайтын мүлік салығы бойынша; әлеуетті жеке әріптестің мүліктік құқықтары.

2) Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік немесе Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған алдыңғы екі толық қаржы жылындағы бастапқы қаржы есептілігі. Ұйымның негізгі қызметінің қаржылық есептілігіне қосымша еншілес ұйымдар, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік немесе Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады. МЖӘ жобаларының ерекшеліктері, егер әлеуетті жеке кәсіпкер, МЖӘ жобаларын іске асыру үшін  жеке және (немесе) заңды тұлғалардан құралған жаңа заңды тұлға болса, жеке серіктес әлеуетінің негізін қалаушы ретінде акт жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беріледі.

3) әлеуетті жеке әріптес басшысының немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті жеке әріптес мөрімен расталған, соңғы есепті күнгі (соңғы қаржы жылындағы) жағдай бойынша есепшінің «Тіркелген активтер» балансы баптары;

4) Бірінші басшы немесе әлеуетті жеке әріптестің өкілі қол қойылған және мөр басылған, соңғы есепті күнгі (соңғы қаржылық жыл үшін)  жағдай бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердің саны,   оларды қалыптастыру күні мен күтілетін өтеу мерзімі көрсетілуі тиіс. Банктік несиелік жағдайларда, банктегі қарыздың өтеу кестесі көшірмелерін көрсету қажет;

5) Жеке әріптестің қаржы төлеу мүмкіндігінің бар екендігі туралы, жойылу қаупі жоқ екендігі, оның мүлкі тәркіленбегені туралы, оның қаржылық және экономикалық қызметінің тоқтатылмағаны туралы, оның соңғы 3 жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігімен жасалған келісімшарт жобаларының орындалмағаны туралы немесе тиісті орындамаған үшін қудалауға жіберілмегені туралы әлеуетті жеке әріптестің кепілдік хаты.

6) Заңды тұлғаға, Қазақстан Респуликасының заңды актілерімен есеп аудитін міндетті түрде өткізу қажет, сонымен қатар соңғы жылдағы қаржылық аудиторлық есебін ұсыну қажет.

7) Егер ұйым жарғы негізінде жұмыс жасайтын болса, заңды тұлға жарғының нотариалды көшірмесін ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместері, сауда тізімімен заңдастырылған нотариалды куәландырылған қазақ тілі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынуы тиіс.

8) Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдері туралы анықтама;

9) жеке тұлға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, құжаттың нотариалды көшірмесін ұсынады, заңды білімі болмаса да тиісті мемлекеттік орган берген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін  бірегей сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген әлеуетті жеке әріптеске қызмет көрсететін банк филиалдарының қолы мен мөрі бар  әлеуетті жеке әріптестің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы сертификат берілген күнге дейінгі 3 айлық анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жеке әріптес бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдарының клиенті болса, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, бұл куәлік осы банктердің әрқайсысынан беріледі.

Біліктілік іріктеуінен өткен әлеуетті жеке әріптес, тікелей келіссөздердің қатысушысы ретінде танылады.

Мемлекеттік әрістеспен тікелей келіссөздер өткізілуге рұқсат берілгеннен кейін, жоба тұжырымдамасы сараптамаға немесе келісімге жіберіледі, оның ішінде:

  • «Атамекен» ҰКП сараптама қорытындысы — 10 жұмыс күні ішінде;
  • Тиісті жауапты мемлекеттік ұйымдармен өткізілген сараптама — 10 жұмыс күні ішінде;
  • Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік жобалауға және тұжырымдама сараптамасына келісім беру (30 жұмыс күнінен артық емес, егерде сараптама техникалық жағынан күрделі болған жағдайда — 20 жұмыс күні, басқа жағдайларда — 10 жұмыс күні;
  • Тұжырымдама мемлекеттік әріптеспен бекіту — 3 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі келісімшарты бойынша екі жақты келіссөздер жүргізілгеннен кейін, қажетті келісімдер және сараптамаларды өткізу бойынша келісімшартқа отырады.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің тағы бір механизмі — мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларын мемлекеттік мекемемен жүзеге асыру.

Мұндай жағдайда, әлеуетті жеке әріптес мемлекеттік мекеме ұйымдастыруымен жеке әріптес конкурсы арқылы танылған болуы тиіс. Конкурс өткізу туралы ақпарат арнайы интернет-ресурстарда БАҚ өкілдерімен бірге жарияланады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі біздің мемлекетіміз үшін жаңаша жүйе ретінде танылғандықтан және оның тәжірибеде қолданысы аз болғандықтан, жеке кәсіпкер жағынан, және мемлекеттік әріптес жағынан да аталған жүйені игеріп кету үшін оқыту методологиялық жұмыстары жүргізілуі қажет. Аталған олқылықтарды шешу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің институционалды көмекшісі ретінде «Ақтөбе облысының мемлекеттік жекешелік-әріптестігі» ЖШС ашылды.

Қалалық, сонымен қатар аудандық кәсіпкерлерге мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі бойынша толық ақпараттарды ұсыну үшін келесідей консультациялық кеңестер жүргізіледі:

–  конкурс бойынша жеке әріптесті анықтау үшін әлеуетті әріптестің конкурстық құжаттамасын әзірлеу;

–  жеке әріптесті анықтау үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобасының тұжырымдамасын әзірлеу;

–  мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі келісім-шартын әзірлеу және келісу;

–  мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларын жүзеге асыру сұрақтары.

«Ақтөбе облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің өңірлік орталығы» ЖШС-мен байланыс құралдары:

Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22 «к».

тел.: 8 (7132) 74-20-41, ghp-aktobe@mail.ru

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button