Экономика

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: мақсаттары, міндеттері, механизмдері

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ,

ҚР Парламенті Сенаты депутаты

Қазақстанның үшінші жаңғыруы қазақстандық қоғамда талқылаудың басты тақырыбы болып табылатыны және әлемдік қауымдастықтың назарын ерекше аударуы заңдылық іспетті. Республика аумағында бұл процесс ең алдымен жаңа жаңғыртудың идеясының өзін түйсіну, оның бұрынғы жаңғырту моделдерінен айырмашылығын айқындау аумағын қамтиды.

Алайда жаңа реформалардың мәні және оның ұстанымдары әлі де болса қазақстандық қоғамда толығымен түсініле қойған жоқ. Бірқатары оны Президент бұрын белгілеген міндеттерді жандандырудың жаңа аспектісі, басқалары дағдарысқа қарсы сипаттағы баламалы үйлестіруші шараларды талап ететін жаһандық әлемнің жаңа қауіп-қатерлеріне жауап ретінде қарастырады. Үшіншілері жаңа реформаны жүйелі негізге алдын алу сипатындағы шараларды көру тұрғысынан көз салады. Тұтастай алғанда, барлық жағдайға да ортақ нәрсе — Қазақстанда республиканы мемлекеттік дамытудың жаңа моделін іздестіру процесі жүріп жатқанын ұғыну сипаты байқалады. Бұл модель әлемдік қауымдастықтың дамуының жаңа талаптарына және қазіргі заманның жаһандық шақыруларына барабар болуы тиіс.

Парламент Сенаты депутаты ретінде еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне жету міндеттерін табысты жүзеге асыру үшін жаңғыртудың өз жолынан бәрінен бұрын мемлекеттік билік институттары өтуі тиістігі маған түсінікті. Сондықтан да Президенттің жаңа концепциясын жүзеге асыру жолдарына өз ұстанымымды баяндау қажет деп есептеймін.

Бұл мәселе бойынша шетелдік басылымдарда ұсынылған халықаралық институттар мен ұйымдардың үн қосуларында алда тұрған міндеттердің анықталған жаңашылдығы көрініс тапқан. Екі пікірге байланысты ойларымды өрбіткім келеді.

Мәселен, Сингапурдағы Ли Куан атындағы мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубанидің пікірінше, тиімді басқару тұрақты құбылыс болып табылмайды, әлемде дамудың әмбебап моделі жоқ. Әрбір ел тиісті басқаруды қамтамасыз етуге өз жолын өздері анықтауы тиіс. Осындай себептен мемлекеттік институттар елдің эволюциялық және саяси қажеттіліктерінің өзгеруіне қарай дамуы қажет.

Үндістандағы Саяси зерттеулер орталығының халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Кумар Аникет Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар заң шығарушы және атқарушы органдардың өкілеттіктері мен күш-жігерін қайта бөлуді қамтамасыз ететін оның дамуының келесі деңгейіне қатысты деп санайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымына және оның қоғамды демократияландыруға қатынасына сәйкес ауқымды өкілеттіктер заң шығарушы органдарға беріледі, бұл Қазақстанды Орталық Азияда ұлы елге айналдыруға мүмкіндік жолын ашады.

Осыған ұқсас пікірлерді басқа көздерден де табуға болады, демек, Қазақстанды жаңғыртудың қазіргі кезеңі шетелдерде мемлекеттік басқарудың тиімді моделін құрылымдау бойынша жаңа алдын алу қадамдары ретінде қарастырылады.

Проблеманың елеулі жаңашылдығын ескере отырып және мәселенің мәнін дұрыс ұғыну үшін Жолдауда Президентіміздің өзі негіздеген міндеттерге назар аудару қажет деп есептеймін. Ол неғұрлым үш маңызды міндеттерді айырықша бөлектеп көрсетеді.

Біріншіден, саяси жүйенің тұрақтылығы қорын алдағы көп жылдарға жасау маңызды. Екіншіден, Үкімет пен Парламенттің ролін көтеру заманауи шақыруларға жауап берудің неғұрлым тиімді механизмін құрылымдауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, әлемде мемлекеттік құрылымның әмбебап моделі жоқ.

Біздің тарапымыздан ұсынылып отырған реформа ең алдымен өз тәжірибемізге және Қазақстанның қажеттілігіне сүйенеді. Осылайша, өтіп жатқан өзгерістердің мазмұны қолданыстағы саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге; заманауи жаһандық әлемнің шақыруларына барабар және дер кезінде жауап беретін мемлекеттік басқару органдарының қызметінің неғұрлым тиімді механизмін құруға; мемлекеттік құрылымның өзіндік моделін құрылымдауға бағытталуы тиіс.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру аясында проблемаларды шешудің алдағы жолдарын да қарастыру қажет. Мәселен, Қазақстанда саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде белгілі бір дәрежеде оның уақыт сынына төтеп бергенін атап өтуге болады. Бұған дер кезінде жүргізілген екі алдыңғы жаңғыртудың нәтижесінде қол жеткізілді. Жүріп өткен кезеңдердің мағынасы бір жағдайда жоспарлы экономика моделінен нарықтық модельге бірте-бірте өтуді қамтамасыз етуде тұжырымдалды. Екінші жағдайда — мемлекеттік құрылымның барлық нарықтық институттары мен механизмдерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуде көрініс тапты.

Қазақстан бірегей бәсекелік басымдықтарға — қазірдің өзінде елдің экономикалық табысының негізіне айналған ауқымды табиғи байлыққа, ауыл шаруашылығы, коммуникациялық және транзиттік әлеуетке ие. Бүгінгі Қазақстан — тұрақты нарықтық экономикасы бар ел. Небарлығы ширек ғасыр ауқымында жеке меншік институты құрылып және табысты жүзеге асырылуда, орташа тап белсенді түрде дамуда. Экономикалық дамудың қозғаушы күші барған сайын неғұрлым жаппай сипат алып отырған кәсіпкерлік болып табылады. Қазақстанда ұлт көшбасшысының стратегиялық көрегендігінің нәтижесінде жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарысқа қарамастан, ел экономикасын жаңғырту сақтықпен жүзеге асырылуда. Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке бағытталған жаңғыртудың келесі кезеңіне сенімді түрде келді.

Жаңғыртудың бұрынғы екі кезеңіне қарағанда үшінші кезең — бұл біздің еліміздің әлемдік экономикада қызмет етуінің жаһандық деңгейіне шығуы. Бұл ретте бастапқы қадам жасалып та үлгерілді. Ол Қазақстанның әлемдік нарықпен интеграциясының бұған дейін орын алған жүзеге асуымен тұжырымдалады.

Ұлттық экономикада бизнес-құрылымдармен бір мезгілде мемлекеттік сектордың мыңдаған кәсіпорындары жұмыс істейді. Олармен бір қатарда жүздеген бірлескен кәсіпорындар және шетелдік қатысумен кәсіпорындар, ондаған ұлттық компаниялар мен трансұлттық корпорациялар құрылды. Олардың барлығы да қазақстандық экономиканың игілігіне қызмет етеді және еліміздің алдына жаңа шексіз мүмкіндіктерді ашады, бұл ауқымда Төртінші әлемдік өнеркәсіптік революцияның міндеттері де шешілмекші. Қазіргі жаңғырудың ерекшелігі мынада: бұрын мемлекеттік құрылымның қолданыстағы моделі аясында бізге бәрінен бұрын ішкі проблемаларды шешіп, реттеу қажет болатын. Бұл міндеттерге мемлекеттік басқару жүйесі бағындырылды, сөйтіп биліктің барлық бұтақтары оны табысты түрде орындады. Алайда қазіргі уақытта мемлекет алдында жаңа міндет тұр, ол — әлемдік нарықта теңдестер арасында тең болу. Бұдан басқа, біз осы нарықтың субъектісі ретінде біздің экономикамызға қатынасы тұрғысынан сонда өтіп жатқан сыртқы процестерді басқаруға және реттеуге белсенді түрде қатысуымыз керек.

Мемлекеттік басқарудың жаңа механизмін құрудың негізгі мақсаты заманауи жаһандық әлемнің шақыруларына барабар және дер кезінде жауап қату қабілетін жасаумен тұжырымдалады. Бұл міндетті шешу көп жағдайда шетелдік мемлекеттердің тәжірибесіне жүгінуді қажетсінеді, ал жаңғыртудың бұрынғы кезеңдерімен салыстырғанда осы кезеңнің талабы — шетелдердің сыртқы байланыстар мен қатынастарды реттеу, олардың жаһандық экономикалық процестерге ықпал ету тәжірибесі аспектілеріне назар аудару болып табылады. Нақ осы тетіктер өркендеуші мемлекеттерге әлемдік нарықта өз орындарын табуға және бәсекеге қабілетті болуға көмектесті. Сондықтан да Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметінің жаңа механизмдерін жасау мемлекеттік құрылымның инновациялық моделін құрылымдаумен тығыз байланысты.

Мемлекеттік құрылымның айырықша моделін құрылымдау — әлемдік шаруашылықтағы қолданыстағы Бретон-Вуд моделі аясында қазіргі деңгейі мен дәрежесіне қарамастан барлық мемлекеттердің ортақ міндеті екенін атап өтуге тура келеді. Жаңа жағдайда қазақстандық экономиканы құрылымдау мен дамыту жаһандық факторлардың ықпалы күшеюімен жүзеге асырылатыны сөзсіз.

Қазіргі уақытта қолданыстағы әлемдік экономиканың моделі әлі толық жетілдірілмеген. Ол қаржы саласында, оның ішінде ескірген жаһандық валюталық архитектура бөлігіндегі проблемаларды бейнелейді. Сарапшылар бір эмитенттен әлемдік резервтік валютаның тәуелділігі — барлық қалған мемлекеттер үшін үлкен тәуекел екенін атап көрсетеді. Жекелеген елдер өздерінің аймақтық валюталарын құруға ұмтылады. Алайда бұл ретте АҚШ өзінің әлемнің ірі экономикасы ретіндегі мәртебесін сақтауда, ал доллар бұрынғыдай басты әлемдік валюта күйінде қалуда. Аталған себептер бойынша бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің неғұрлым көкейкесті міндеттерінің бірі жаһандық экономиканың ықпал ету тәуекелін шектеу болуда.

Қазіргі уақытта барлық елдер үшін анықтаушы болып ұлттық экономиканың аймақтық және жаһандық интеграциялық процестермен тығыз байланыс жасау — басты өлшем. Осындай өзара әрекеттер нәтижесінде ұлттық шаруашылықтың әлеуетін күшейте отырып, дамудың ішкі ғана емес, сондай-ақ сыртқы факторларына да тірек жасайтын экономиканы ұйымдастырудың мейлінше жаңа моделі құрылымдалады. Біздің бағамдауымызша, мұндай көзқарас бәсекеге қабілетті қазақстандық экономиканың құрылымдалуы үшін де нақты мүмкіндіктер құрайды.

Экономиканы басқарудың жаңа механизмдерін құрылымдаудың мәні бүгінгі күні мемлекеттің әлемдік валютаға тәуелділігі тәуекелдерін қысқарту үшін қажетті шараларды қабылдауы тиістігімен байланысты болып отыр. Осы мақсатта Қазақстанға еуразиялық интеграция бойынша әріптестерімен бірлесіп жаңа әлемдік және аймақтық валюталарды қалыптастыру процесіне өз қатысуын анықтау қажет. Өз экономикасы секторлары тұрғысынан да, Еуроазиялық экономикалық одақ экономикасы жағынан да басқа мемлекеттер тарапынан санкциялық сипаттағы әрекеттерге жол бермеу бойынша қауіпсіздік шаралары да көкейкесті болып табылады. Осылайша, экономиканы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда сыртқы факторлардың әсер етуінің өспелі ролін ескерген жөн. Бұл, өз кезегінде, отандық экономиканың қалыпты қызмет етуі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін шарттар жасайды.

Қазақстан үшін ұлттық экономиканың жаңа моделін таңдау уақыт талабына неғұрлым барабар оның сапалық өсуін білдіреді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ұлттық шаруашылықты дамытудың мұндай моделі ретінде технологиялық экономика моделі анықталды. Осыған байланысты бәрінен бұрын «инновациялық экономика», «ғылымды қажетсінетін экономика» және «технологиялық экономика» ұғымдары арасындағы өзара байланысты нақтылау қажет. Бұл модельдердің барлығы бірін бірі теріске шығармайды, қайта олардың неғұрлым терең сапалық мазмұнына сілтеме жасайды. Мемлекеттің нарықтық жағдайда экономикаға ықпал етуінде қатысуының дәстүрлі ұстанымдары мен механизмдеріне негізделген мемлекеттік басқарудың қолданыстағы моделінене ерекшелігі, жаңа модель бұл қатысуды қысқартуды талап етеді және өзінің мәні бойынша инновациялық болып табылады. Бұл ретте оның жаңашылдығы мемлекеттік басқаруда «мемлекеттік менеджмент» деп аталатын бизнес-процестерді басқарудың тәжірибесі көбірек пайдаланатындығымен шектелмейді.

Қазақстан жағдайында мемлекеттік басқарудың инновациялық моделінің жаңашылдығы экономиканың дамуының қозғаушы күші өндірістің жаңа өнімдерін және жаңа технологияны құруға әкелетін жаңа білім болуы тиістігімен тұжырымдалады. Бұл процесс бір реттік және толығымен қол жеткендік бола алмайды, өйткені ғылыми-техникалық прогресті тоқтату мүмкін емес. Осы себептен біздің инновациялық модель модельге ғылымды қажетсінетін экономиканы енгізуді талап етеді, ал бұл ғылымға, білімге, мамандарды даярлауға және қайта даярлауға тұрақты негізде аумақты салымдарды салуды білдіреді. Жоғарыда аталған құжаттармен таяудағы жылдары Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың үлесі жалпы ішкі өнімнің аясында неғұрылым дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізілетін болады.

Сондай-ақ, жаһандық экономикаға ене және ең бәсекеге қабілетті елдердің қатарында неғұрлым жоғары көрсеткіштерге жетуді қалай отырып, әлемдік шаруашылықтың жалпы ағымдарына назар аудармауға болмайды. Әлемдік экономикада табысты өсудің кепілі технология болып табылады. Сондықтан да Қазақстан үшін технологиялық экономикаға көшу — бұл жаңа өршіл мақсаттарға жетудің жалғыз дұрыс жолы.

Бәсекеге қабілетті экономика шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша бірқатар міндеттерді шешуді талап етеді. Президент 2025 жылға қарай оны екі есе арттыру жөнінде тапсырманы алға тартты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу үшін экспортты дамыту мен ілгерілету құралдарын бір ведомоствоға жинақтау қажет. Экспорттаушыларға қолдау жасағанда аймақтарда да оны «бір терезе» принципі  бойынша жүзеге асырған жөн.

Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бойынша көшбасшылықты сақтау қажеттілігін негіздеуге айырықша көңіл бөлді. Жаһандық сипаттағы міндеттерді шеше отырып, оларды тек қана ішкі ресурстарға сүйенумен қамтамасыз ету қиын. Біздің республикамызда көп жылдан бері ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді. Бұл құрылым қоғамдық болып табылса да, Мемлекет басшысына біздің әріптестеріміздің өзгеріп отыратын мүдделерін сезінуге, олардың ұсыныстарына қарай икемді қозғалыс жасауға және біздің әріптестеріміздің күш-жігерін мақсатты міндеттер мен ұзақ мерзімді стратегиялық нұсқамаларды шешуге табысты бағыттауға мүмкіндік береді. Алайда қазіргі уақытта мұндай институттардың саны өсуі және дамудың жаңа формаларына ие болуы тиіс.

Технологиялық экономикаға көшу өндірістік процестерді үйлестіріп отыратын қазақстандық өндірушілер мен органдар үшін көптеген жаңа міндеттерді алға шығарады. Қазақстандық экономиканың қызмет етуінің қызмет етуінің жаңа деңгейге өтуімен біздің тауарлар мен қызметтер өндірісі мен өткізудің жаһандық тізбегіне белсенді белсенді түрде бейімделуіміз қажеттігі білінеді. Мұны ең алдымен трансұлттық компанияларды тарту есебінен атқару қажет.

Осылайша, Қазақстанды үшінші жаңғырту — бұл біздің Президентіміздің жаңа бірегей жобасы. Ол республикамызға оның азаматтары үшін тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге жаһандық ауқымда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізуге де мүмкіндік береді.

 («Казахстанская правда» газеті, 10 сәуір 2017 жыл).  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button