ЖаңалықтарМереке

Наурыз күнгі сыйлықтар…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі өкілі Нурллин Райымбек бастаған бір топ жастар қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, «тәтті» сыйлықтар үлестірді.

Жастар қала көшелерін аралап, базарларда, қоғамдық көліктерде жолаушыларға, такси жүргізушілеріне, балалар мен ересектерге тәтті кәмпит мен шоколадқа толы киіз үйдің формасындағы қорапшалар үлестіріп, үлкен-кішінің алғысын алды.

«Жақсылық жасау үшін байлық не басқа емес, ең бастысы, ықылас пен ниет қажет» — дейді жастар. Осылайша, Наурыз мерекесінде жақсылық жасағандар да, сыйлық алғандар да мәз болысты.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button