ЖаңалықтарРесми

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуі өтеді

2017 жылдың 22 ақпаны күні сағат 11.00-де Ақтөбе қаласы Кірпішті ауылы, 368-учаскесі мекенжайында орналасқан Теннис орталығы ғимаратында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Ақтөбе облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға арналған міндеттер туралы» тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Облыс әкімінің есебі «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, интернет ресурстарында интерактивті онлайн көрсетілім: Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында (http://aktobe.gov.kz/kk/node/4891), Youtube видео-каналында және облыстың барлық аудандарымен бейне-конференц байланыс ұйымдастырылатын болады.

Облыстың даму мәселелері бойынша тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерін жазбаша түрде ақпараттарды жинақтауға арналған арнайы жәшіктер немесе әкімдіктің сайты арқылы жіберуге болады.

Ұсыныстарды және ескертулерді жинақтауға арналған жәшіктердің орналасқан жері аудандық газет басылымдарында және әкімдіктің сайтында жарияланған.

Есептік кездесу өтетін күні арнайы ұйымдастырылған интернет ресурстары (онлайн) (http://aktobe.gov.kz/kk/node/4891) және саІІ-орталық арқылы (тел: 403213) сұрақтарыңызды қоюға болады.

 Облыс әкімі аппараты.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button