Жаңалықтар

Терактіге қатысы бар сотталушылар соңғы сөздерін айтты

Ақтөбеде 5 маусым күні болған оқиғаға қатысты сотталушылардың соңғы сөзі тыңдалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Терроризм актісіне қатысқандары үшін айыпталған сотталушылар мұндай әрекетке барғандарына қатты өкінетіндерін айтыпты. Олар соңғы сөздерінде соттан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады.
— Сотталушылар Жұбанов пен Әбдірахманов соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Қылмыс туралы хабарламағандары және қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталған сотталушылар сотта өкініп, өздерін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотталушы Гацаев тағылған айыптар бойынша өзін ақтауды сұрады. Сот үкімі 2016 жылдың 28 қарашасында жарияланады, — деді Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Илиада Досова.

Жанна ЕРАЛИНА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button