Жаңалықтар

Кәсіпкерлер мәселе көтерді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе филиалы ғимаратында кәсіпкерлерді толғандырған мәселелер бойынша қабылдау өткізілді. Жиынға Кәсіпкерлік басқармасы, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ облыстық филиалының мамандары да қатысты.

Алдымен ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы Сапарбек Ақжанбаев сөз алып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акциясының аясында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының мақсатымен, жүріп өткен жолымен қысқаша таныстырды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Арнұр Дарбаев кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер бойынша шолу жасады.

Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының кейбір қайшы тұстары туралы айтты. Мысалы, «Елубай» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша 10,0 миллион теңге несие алған. Бағдарламаның талабына сәйкес, 15 аналық жылқыға 1 тұқымдық айғыр алыну керек. Бұл шаруашылықта 32 бие болғандықтан, бағдарлама бойынша 3 айғыр алу міндеттілігі туындаған. Кәсіпкер артық 2 жылқыға бола, тағы шығынданып отырғанын айтты. Осындай жағдайлардың көп кездесетінін айтып, бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге шикізаттан гөрі рентабельділігі жоғары өңдеуші өнеркәсіп салаларына бет бұруға кеңес берілді. Жиынға қатысушы, бұрын ауыл шаруашылығы саласында көп жылдар еңбек еткен Есет Сартаев ісін жаңадан бастағысы келетін кәсіпкерлерге сауаттылық жетіспейтінін атап айтты. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл жағынан толыққанды қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан басқа, «Болат ЛТД» ЖШС өкілі, жеке кәсіпкер Д.Шураханов құлпынай өсіру, егін шаруашылығы туралы сауалдарын алға тартты.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button