ЖаңалықтарТәуелсіздіктің 25 жылдығы

Ақтөбе көшелерімен тәуелсіздік керуені жүріп өтті

Ақтөбе қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік керуені» ұйымдастырылды.

300 жас,  25 автокөлік, 5 салт атты шабандоз Тілеу батыр, Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова, Мөңке би, Виктор Пацаев, Сәңкібай батыр ескерткіштеріне және Мәңгілік алау монументіне барып, гүл шоқтарын қойды.  Тарихи-танымдық шараның басты мақсаты — Тәуелсіздікті ұлықтау, жасампаздыққа толы жетістіктерімізді дәріптеу, жас ұрпаққа  ескерткіштер туралы жан-жақты мәлімет беру, тарихи кезеңдерден сыр шерту.

Ақтөбеде  Тәуелсіздік жолында күрескен дара тұлғаларға қойылған ескерткіштер жетерлік. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында керуен шеруін ұйымдастырдық, — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Венера Сабалақова.

Шара барысында арнайы концерттік бағдарлама дайындалып, әр ескерткішке қатысы бар театрландырылған қойылым ұсынылды.

Керуен шеруі Тілеу батыр ескерткішінен басталып, Әбілқайыр хан ескерткіші жанында жалғасты.

 Өз тілшіміз.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button