Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы шағын футбол командасы Ақтөбе облысында құрылды

«Ақтөбе» футбол клубында шағын футбол командасының тұсауы кесіліп, оның алғашқы мүшелерімен келісімшарттарға қол қойылды.

«Ақтөбе» ФК жаңа бөлімшесінің ресми ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық футбол қауымдастығының президенті Ғали Есқалиев қатысты.

ҚР Футбол федерациясының талаптарына сай, 2018 жылдың футбол маусымынан бастап, Қазақстан Премьер-лигасы командаларының әрқайсысының футзал командасы болуы керек. Алайда облыс әкімінің бастамасымен бұл процесс тездетілді, осы маусымның ортасынан бастап «Ақтөбе» құрамына футзал бойынша команда еніп отыр. Осылайша, өңірде ҚР бойынша алғашқы шағын футбол командасы құрылды.

Өңір басшысы команда құру жөніндегі шешімді футболды насихаттап, бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында қабылдап отыр.

Ойыншылардың дені футзалдан ҚР чемпионаты сыйлығының иегері «Інжу» командасының өкілдері, сондай-ақ талантты, болашағынан үлкен үміт күттіретін футболшылар болады, — деді қауымдастық президенті.

Сонымен қатар, «Інжу» Қазақстан чемпионатына қатысу құқықтарын «Ақтөбе» командасына береді.

Команда бюджет және демеушілер, сонымен бірге билет сату есебінен қаржыландырылады.

Болашақта футзалдан арнайы балалар мен жасөспірімдер мектебін ашу көзделіп отыр. Сонымен бірге, келесі маусымнан (2016 жылдың қазан айында басталады) «Ақтөбе» жанынан U-21, U-15 и U-10 жастар мен жасөспірімдер бөлімшелері құрылатын болады.

Облыс басшысы бапкерлер штабы мен «Ақтөбе» футзал командасының ойыншылары алдына келесі маусымда алғашқы үштікте болу міндетін қойды.

Ауыл жастары арасында да футболды насихаттау бойынша шаралар қолға алынады, 9 ауданда «Ақтөбе» ФК филиалдары құрылады.

Ғали Есқалиев осы басқосуда «Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильевтің қызметтен кету мүмкіндігіне қатысты қоғамдық пікірталасқа өз ойын білдірді.

Васильевтің алдына команданы бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша алғашқы «алтылықтың» қатарына кіргізу міндеті қойылғаны мәлім. Бізде әлі екі ойын бар, тиісті шешімдер сол ойындардың нәтижесіне қарай қабылданатын болады, — деген ол «Ақтөбе» командасының жанкүйерлер қолдауына сүйенетіндігін де жеткізді.

Ең бастысы, команда күш-қуатын танытты, алаңда аянбай тер төгіп жүр, — деді Ғ.Есқалиев.

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button