ЖаңалықтарСпорт

Туды таэквондошы Руслан Жапаровқа табыс етті

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездесті.

«Риода өтетін Олимпиадаға бір ай уақыт қалды. Соның алдында дәстүрге сәйкес сіздермен кездесіп, өзімнің тілегімді айтып, сәттілік тілейін деп шақырып отырмын. Дайындықтың бәрін уақытында жүргіздіңіздер. Бұл жыл — Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Сондықтан сіздерге үлкен сенім жүктеледі», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жазғы Олимпиада ойындарына 206 мемлекеттен 10 мың спортшы қатысатындығын атап өтті. Олардың барлығы да өз ісінің дүлдүлдері екендігін, жеңіске ұмтылатындығын баса айтты.

Біздің спортшылар биылғы Олимпиадаға 100-ден астам жолдама алып отыр.

«Баршаларыңызға табыс тілеймін. Мүмкіншілігіміз жаман емес. Бірақ, жолдаманың саны емес, спортшылардың сапасы қажет екендігін білесіздер. Көпшіліктеріңді жақсы білемін, спорттағы жолдарыңды бақылап отырмын. Талай жерде жеңдіңдер», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіз Қазақстан спортшылары 5 рет — жазғы, 6 рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. Рио-де-Жанейро Олимпиадасы — 12-ші Олимпиадамыз ретінде тарихқа енбек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан туын салтанатты түрде таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстады.

«Сіздің қолыңыздан алған  байрағымызды тек биікте желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің Әнұранын асқақтатып қайтуға серт береміз. Сеніміңізге рақмет!» — деді Р.Жапаров.

 inform. kz сайтынан әзірленді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button