ЖаңалықтарСпорт

Екінші жеңіске жеттік: «Тобыл»-«Ақтөбе» — 1:2

Премьер-Лига

 Бүгін, сәрсенбі күні өткен 5-турда сырт алаңда «Ақтөбе» Қостанайдың «Тобыл» командасын осындай есеппен жеңді. Жерлестеріміздің бұл кездесуде сөзсіз жеңілетіндігін, әрі кеткенде тең ойнауға әзер мүмкіндігі жететіндігін болжағандар енді не дер екен?

Рас, қостанайлықтар шапшаң гол соқты. 6-минутта Константин Дудченко соққан гол қостанайлық жанкүйерлердің сенімін нығайтып-ақ тастады — 1:0.

Дегенмен 21-минутта Ақтөбе футболының жас түлегі Асланбек Кәкімов есепті теңестірді — 1:1.

Ал 71-минутта Кирилл Шестаков тастаған пасты командамыздың тағы бір жас перісі Никита Бочаров еш ысырап етпей, қостанайлық футболшылардың жібек торын тағы да бүлк еткізді — 1:2. Жанкүйерлер Никита өткен турда да гол соққанын ұмыта қоймаған шығар.

Бұдан соң қаншама әрекеттенгендерімен «Тобыл» футболшылары біздің Самат Отарбаев асқан шеберлікпен қорғаған қақпаның кілтін таба алмады. Сөйтіп, олар биылғы чемпионатта алғаш рет жеңілді.

Қатарынан екінші рет жеңіске жеткен жерлестеріміздің қоржынында енді 7 ұпай бар. Осылайша алғашқы алтылыққа ендік.

«Тобыл»-«Ақтөбе» — 1:2

Гол авторлары: Константин Дудченко, 6-минут (1:0); Асланбек Кәкімов, 21-минут (1:1); Никита Бочаров, 70-минут (1:2).

Ескерту қағазын алғандар: Р.Розыбакиев, 36-минут; В.Дмитренко, 58-минут («Тобыл») — К. Куаджа, 42-минут.

«Тобыл»: Владимир Логиновский, Чиприан Деак, Константин Дудченко, Фернандо Кассай, Томаш Шимкович, Сергей Яворский, Виктор Дмитренко, Нұрбол Жұмасқалиев, капитан (Сергей Хижниченко, 64-минут), Дмитрий Мирошниченко, Альмир Мухутдинов (Н’Диайе, 78-минут), Рахымжан Розыбақиев (Тимур Досмагамбетов, 74-минут).

«Ақтөбе»: Самат Отарбаев, Куасси Куаджа, Михаил Петролай, Егор Сорокин, Марат Ситдиков, Никита Бочаров (Егор Азовский, 90+1 минут), Илья Михалев (Тоқтар Жаңғылышбай, 52-минут), Бағдат Қайыров, Асланбек Кәкімов (Сандро Цвейба, 79-минут), Самат Смақов (капитан), Кирилл Шестаков.

13 сәуір. Затобольск. «Затоболец» стадионы. 3 000 адам.

*   *   *

 

Біздің мергендеріміз:

Самат Смақов — 2 гол (біреуі — он бір метрлік айып добы);

Никита Бочаров — 2;

Бобир Давлатов — 1;

Тоқтар Жаңғылышбай — 1;

Асланбек Кәкімов — 1.

*   *   *

 

Басқа кездесулер:

«Тараз»-«Ақжайық» — 0:1

Гол авторы: Қуаныш Бегалин, 80-минут (0:1).

«Жетісу»-«Астана» — 0:1

Гол авторы: Юрий Логвиненко, 77-минут (0:1).

«Оқжетпес»-«Атырау» — 2:0

Гол авторлары: Марат Хайруллин, 43-минут (1:0), Жасұлан Молдақараев, 59-минут (2:0).

«Ертіс»«Ордабасы» — 2:0

Гол авторлары: Роман Муртазаев, 63-минут (1:0), Гогита Гогуа, пенальти, 74-минут (2:0).

«Қайрат»-«Шахтер»  — 0:0

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button