Әлеумет

Сайлау-2016

ҚР ОСК 103 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
Ақпанның 25-і күні Орталық сайлау комиссиясы 20 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттен тағы 103 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың үшеуі — Америка Құрама Штаттарынан, 97-сі — ТМД-дан байқаушылар миссиясынан , 3-еуі — Ислам ынтымақтастығы ұйымынан тіркеліп отыр.
Осылайша, 25 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссияларынан, сонымен бірге Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен шет мемлекеттерден 155 байқаушыны аккредиттеді. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі 25 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 105 өкілін аккредиттеді.
Айта кету керек, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.

Зерттеу институты сайлау күні экзит-полл жүргізеді

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты сайлау күнінде экзит-полл жүргізеді. Бұл туралы бейсенбі күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған институттың атқарушы директоры Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді.
— Біздің елде үлкен саяси науқан жүріп жатыр. 20 наурыз күні Мәжіліс және мәслихаттарға депутаттар сайланады. Осы күні «Қоғамдық пікір» зерттеу институты өзінің зерттеуін өткізіп, сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушыларға сауалнама жүргізеді. Бұл стандартты әдіс, Қазақстанда да, жалпы барлық елде осындай тәжірибе бар,— деді ол.
Оның айтуынша, аталған зерттеу әдісіне сәйкес, әрбір бесінші сайлаушы сайлау учаскесінен дауыс беріп шыққаннан кейін сауалнамаға жауап береді. Сауалнамаға Қазақстанның барлық облыс орталықтары, Астана мен Алматы қалаларының сайлаушылары қатысады. Жалпы республика бойынша 110 сайлау учаскесі қамтылады.
— Олардың арасында міндетті түрде облыс орталықтары және Алматы мен Астана қаласында 56 учаске, кіші қалаларда 28 учаске және ауылдық округтарда 26 учаске іріктеліп алынады. Сонда біз Қазақстан бойынша репрезентативті нәтижені көрсете аламыз деп ойлаймыз. Барлық нәтижелер жалпылама түрде күннің соңында беріледі және заңмен бекітілген ережелерге сай болады. Зерттеуге қатысатын 200-ге жуық сұхбат берушілер Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. Сауалнама нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарына 20 наурыздан 21 наурызға қараған түнгі сағат 00.00-де жеткізіледі, — деді А.Сәдуақасова.

Бакуде сайлауға дауыс бере алады

Әзірбайжанда уақытша тұратын Қазақстан азаматтары 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға дауыс бере алады.
Баку қаласы, Наджафгул Рафиев көшесінде орналасқан Қазақстан Елшілігі ғимаратында сайлау учаскесі ұйымдастырылады.
Дауыс беру Баку уақыты бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Қосымша ақпаратты елшіліктің байланыс телефондары (+994 12 489 23 55, 489 23 67 консулдық бөлім) мен электронды пошта (E-mail: baku@mfa.kz.) арқылы білуге болады.

«ҚазАқпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button