Білім

Сексен баланың саяхаты

Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназия жанындағы «Балдәурен» жазғы лагері мен «Қызғалдақ» жазғы ойын алаңы оқушыларға қуанышы мен қызығы мол сәттер сыйлады.

Бүгінгі күнге дейін «Балдәурен» лагерінде сексен баланың тынығуына жағдай жасалды. Лагерь күндері оқушылар мен олардың ата-аналары, ұстаздар таза ауаға саяхатқа шықты. Оқушылар мектеп жанындағы бассейнде шомылып, балалар кітапханасына барды. Лагерьде өнерлі балаларды анықтау мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ертегілер әлеміне саяхаттады.

Лагерь басшысы Клара Қажығалиева, тәрбиешілер Кәмшат Сағынғазықызы, Ақалтын Тілеубаевалардың бастамасымен «Кітап — біздің досымыз», «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік», «Әдептіден әдемі шығады» тақырыптарында танымдық іс-шаралар өткізілсе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәуір Ысқақов «Шынықсаң шымыр боларсың», «Толағай», «Денсаулық — зор байлық» атты спорттық-эстафеталық шараларды ұйымдастырды. Әрбір шараға оқушылар жоғары дайындықпен әрі белсенді қатысты.

Ж.ДӘРІБАЕВА,

№32 мектеп-гимназия мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button