Білім

ҰБТ: Облыс көрсеткіші: 82,68 балл  

Маусымның 3-і, 5-і, 7-сі күндері біздің облыстың түлектері ұлттық бірыңғай тест тапсырды.  Тестілеуге 4621 түлек қатысты. Олардың үшеуі: Рахила Тулина, Назкен Үмбетова, Айдана Тәңірберген  124 ұпай жинады. Облыстың орташа көрсеткіші — 82,68 балл. Бұл туралы кеше облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Самұратова өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Аудандардың арасында Хромтау (95 балл), Алға (89 балл), Ойылдың (86,8 балл) түлектерінің  білім сапасы жоғары. Ал ауыл мектептерінің арасында Хромтау ауданындағы Бөгетсай гимназиясы алдыңғы қатарда: 112,3 балл.

Мектеп бітірушілердің «Алтын белгіні» қорғауы жөнінен Ақтөбе қаласы көш бастап тұр. Облыс орталығындағы 115 түлектің 54-і білімдерін дәлелдеді.  Одан кейінгі кезекті Шалқар иеленеді. Мұндағы 43 түлектің 23-і «Алтын белгіні» қорғады. Жалпы 340 «Алтын белгіден» үміткердің 153-і сенімді ақтады. Басқарма басшысының айтуынша, бұл дерек әлі де өзгеруі мүмкін. 30 үміткерге «Алтын белгі» аттестатын алу үшін 1 балдан жетпей  қалған. Олардың жұмысының нәтижесі республикалық апелляциялық комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады.

Жанат Бақытжанқызының айтуынша, бұған дейін ұйымдастырылған ұлттық бірыңғай тестілеулерде төмен деңгейде болған Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз аудандарында биыл ілгері жылжу бар. Мысалы, Әйтеке би ауданында «Алтын белгіден» үміткер 7 баланың 3-еуі білімдерін дәлелдеген. Ал Ырғыз ауданында 10 мектеп бітірушінің 8-і «Алтын белгі» алады.

Шектеулі балл (50 ұпай) —  жинай алмаған түлектердің саны — 741. 191 бала «екілік» алды.

 

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

(Материалдың толық нұсқасын газетіміздің бейсенбілік нөмірінен оқи аласыздар).

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button