Білім

ҰБТ: ата-ана, дайынсың ба?

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету». Жақында «Нұр Отан» партиясы мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ел көлемінде бір мезгілде ұйымдастырылған шара осылай аталды. Жиынның негізгі ұйымдастырушысы — Отбасылық тәрбиелеу институты.

Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектепте өткен шараға қалалық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Нәби Алдамжаров қатысты. Сонымен қатар, шараға қала мектептеріндегі 300 ата-ана жиналды.

Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жиынның мақсаты — тестілеуге ата-аналарды психологиялық тұрғыда дайындау, кеңес беру. Жиында    Отбасылық тәрбиелеу институтында білімін жетілдіріп келген Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектептің психологі Айнұр Баймашева дәріс оқыды.

Түлектердің емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындығына ата-аналар да жауапты. Сондықтан қала мектептеріндегі түлектердің ата-аналарына отбасылық тәрбиелеу институтында оқып келген психолгтар кеңес беріп жатыр. Бұл шарада ата-аналар мектеп түлектері бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға қалайша дұрыс дайындалуы керек, ҰБТ тапсыру қарсаңында талапкерлердің ата-аналары нені білуі тиіс деген секілді сауалдарға жауап ала алады, — дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімі ғылыми әдістемелік орталығының әдіскер-психологі Роза Күлжанова.

Сынақ кезінде түрлі келеңсіздіктердің алдын алу үшін ұйымдастырылған мұндай шара №8 мектеппен қатар облыс орталығындағы 10 мектепте де өткізілді. Онда ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын талапкерлердің ата-аналарына  Отбасылық тәрбиелеу институтында білімдерін жетілдіріп келген психологтар дәріс оқыды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button