Жаңалықтар

67 адаммен толықты

Тұңғыш Президент күні қарсаңында облысымыздағы «Нұр Отан» партиясына мүше азаматтардың қатары тағы 67 адаммен толықты.

Олардың он екісіне партиялық билет облыстық филиалда өткен салтанатты жиында табысталды.

— Елбасы саясатының арқасында бүгінде әлем Қазақстан деген елді біліп қана қоймайды, еліміздің беделін мойындайды, бізбен санасады. Мемлекет басшысы табыстарға жетелер жолды айқындап берді. «Нұр Отан» партиясы да үлкен істерге ұйытқы болып келеді. Бүгін қатарымызды толықтырып отырған азаматтардан да жақсы бастамалар, оларға сәттілік тілейміз, — деді партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов.

Бұл жолы партияға қабылданғандар қатарында кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, банк қызметкерлері, ұстаздар, дәрігерлер және студенттер бар. Оларға жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.

— «Нұр Отан» партиясына Елбасы жетекшілік етеді. Сондықтан мен осы партияны қаладым. Алдағы уақытта қоғамдық істерге белсене араласамын, — дейді партия қатарына қабылданған жастардың бірі, педагог Шынар Болысбаева.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында партияның аудандық филиалдарында да осындай жиындар өтті.

 

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button