Спорт

Бірінші орын. 30 ұпай

 

Премьер-лига

 26 мамырда өткен 13-турдың басты оқиғасы — «Астана» өз алаңында «Ордабасыдан» ұтылып қалды. Жеңіске жеткен «Ақтөбе» алға қара үзіп шықты. Қоржынына бұл турда бір-ақ ұпай қосқан, үшінші орында келе жатқан «Шахтердің» биыл чемпиондық атақты сақтап қалу мүмкіндігі сұйыла бастаған секілді.

Енді ретімен баяндайық.

13-турда «Ақтөбе» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдады.

Сөз жоқ, оралдықтар бұл жолы тәуір ойын өрнегін көрсетті, биылғы чемпионаттың қорытындысында көш соңында қалмайтындықтарын байқатқандай болды.

Дегенмен әр тур сайын мығым команда екенін көрсетіп келе жатқан «Ақтөбе» әбден шыңдала түскенін анық аңғартты.

Ойынның 14-минутында Сергей Ковальчук өзіне Эмиль Кенжесариев тастаған әдемі допты қарсыластар қақпасына сәтті енгізіп жіберді — 1:0.

Қонақтар екінші таймда да жігерлене қимылдады. Бірақ 82-минутта тағы да қапы қалды. Юрий Логвиненко Сергей Гридинге оңтайлы пас жасады да, «Ақжайықтың» қақпашысымен жекпе-жек шыққан біздің шабуылшымыз еш абдыраған жоқ — 2:0.

Осылайша «Ақтөбе» бірінші тұғырдағы орнына мығымдай түсті.

«Ақтөбе»»-«Ақжайық» — 2:0.

Гол авторлары: Сергей Ковальчук, 14-минут (1:0); Сергей Гридин, 82-минут (2:0).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады:

Андрей Сидельников, Алексей Мулдаров, Андрей Харабара, Петр Бадло (капитан), Дмитрий Мирошниченко (Евгений Дяденко, 88-минут), Роберт Примус, Эмиль Кенжесариев (Сергей Гридин, 70-минут), Юрий Логвиненко, Сергей Ковальчук, Александр Гейнрих (Асхат Тағыберген, 86-минут), Тимур Кападзе.

«Ақтөбе» командасында 80-минутта Алексей Мулдаров ескерту қағазын алды.

Бұл ойын «Ақтөбе» мен «Ақжайықтың» арасындағы 16-шы кездесу еді. «Ақтөбе» 11 рет жеңіске жетті, 2 кездесу тең есептермен аяқталды, «Ордабасы» 3 рет ұтты.

 

*    *    *

Басқа кездесулер:

«Астана»-«Ордабасы» — 0:1

(Мансур Гуйе, 43-минут (0:1)

82-минутта Мұхтар Мұхтаров жасыл алаңнан қуылды.

«Тараз»-«Тобыл» — 1:2

(Обиора Одита, 48-минут (1:0); Игорь Бугаев, 83-минут (1:1); Менсур Куртиши, 90+4 минут (1:2).

«Ертіс»-«Шахтер» — 2:2

(Андрей Финонченко, 3-минут (0:1); Әлібек Аяғанов, 41-минут (1:1); Сергей Хижниченко, 66-минут (1:2); Павел Шабалин, 69-минут (2:2).

«Атырау»-«Қайрат» — 1:1

(Тарас Данилюк, 86-минут (1:0); Момоду Сиссей, 90+4 минут (1:1).

«Жетісу»-«Восток» — 0:0

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар           О         Ұ         Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Ақтөбе      13       9          3          1          18-6    30 

2 Астана      13       8          2          3          22-15  26

3 Шахтер     13       5          3          5          16-17  18

4 Ертіс           13       4          6          3          13-11  18

5 Тобыл         13       4          4          5          19-16  16

6 Қайрат        13       4          4          5          17-16  16

7 Ордабасы13       3          5          5          9-12    14

8 Восток            13   3          5          5          7-11    14

9 Атырау       13       3          5          5          7-16    14

10 Тараз           13   3          4          6          12-16  13

11 Ақжайық*          13       4          4          5          19-16  10

12 Жетісу*   13       2          7          4          10-17  10

 

(О — ойын; Ұ — ұтыс; Т — тең; Ж — жеңіліс; Д — доп айырмашылығы; Ұп — ұпай).

*Ойыншылар мен бапкерлердің жалақысын кешіктіргені үшін «Ақжайықтан» — 6 ұпай, «Жетісудан» 3 ұпай шегерілгенін еске саламыз.  

 

13-турдың ерекшеліктері:

Біріншіден, бұл турда 12 гол соғылды. Алаң иелері 6 гол, қонақтар да дәл солай 6 гол соқты. Орта есеппен әр кездесуде қақпаға 2 доп енді.

Екіншіден, алаң иелері 1 кездесуде ғана жеңіп, қонақтар 2 кездесуде ұтты, 3 ойын тең есептермен аяқталды. Бұл турдағы кездесулерде бірдей есеп нәтижелері қайталанған жоқ. Чемпионат басталғалы  осымен төртінші рет (1,8,11,13-турларда) ұқсас есептер болған жоқ. Сондай-ақ өткен турдағы секілді бұл жолы да ірі есеп нәтижесі тіркелген жоқ. 1:0 есебі он сегізінші рет, 0:0 және 2:1 есептері он төртінші рет рет, 1:1 есебі сегізінші рет, 2:0 есебі бесінші рет, 2:2 есебі үшінші рет қағазға түсті.

Үшіншіден, тур барысында 19 ескерту қағазы көрсетілді (алаң иелері — 8, қонақтар — 11). Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы») жасыл алаңнан қуылды. Бұл турда футболшылары ескерту алмаған командалар — «Тараз» бен «Ақжайық».

Төртіншіден, чемпионат басталғалы 35 рет алаң иелері жеңіп, 26 кездесу тең есеппен аяқталды, 17 кездесуде қонақтардың бағы жанды. Барлығы 169 гол соғылып, әр кездесуде қақпаға орта есеппен 2,16 доп енді.

 

*   *   *

Сұрмергендер:

Игорь Зенькович («Ақжайық») — 8 доп;

Момоду Сиссей («Қайрат») — 5;

Игорь Бугаев (Тобыл») — 5;

Мануэль Курто («Тараз») — 4;

Олег Недашковский («Қайрат») — 4;

Эдин Юнузович («Жетісу») — 4;

Александр Гейнрих («Ақтөбе») — 4;

Сергей Хижниченко («Шахтер») — 4.

 

*   *   *

«Ақтөбе» мергендері:

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 4 доп;

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 3 доп;

Андрей Харабара (жартылай қорғаушы) — 2;

Дмитрий Мирошниченко (қорғаушы) — 2;

Петр Бадло (қорғаушы) — 2;

Юрий Логвиненко (қорғаушы) — 2;

Антон Землянухин (жартылай қорғаушы).— 1;

Сергей Ковальчук (жартылай қорғаушы) — 1;

Сергей Гридин (шабуылшы) — 1.

*   *   *

30 мамырда, бейсенбі күні «Ақтөбе» тағы да өз алаңымызда «Ертіспен» кездеседі.

Бірінші айналымда, 6 сәуірде Павлодарда «Ертіспен» тең ойнаған болатынбыз — 0:0.

Қалған кездесулер:

«Восток» — «Астана»

«Шахтер» — «Жетісу»

«Қайрат» — «Тараз»

«Ордабасы» — «Атырау»

«Ақжайық» — «Тобыл»

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button