Ақтөбе қаласында Ашық есік күні

Несие мен қарыз бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
Қаржылық жүктемені заңды түрде қалай азайтуға болатынын білгіңіз келе ме?
📅 2026 жылғы 28 қаңтар
⏰ 15:00
📍 «Керуен Сити» ойын-сауда орталығы (3 қабат)
Азаматтарды
«Несие қарызын реттеу: заңды жолдар мен мүмкіндіктер»
тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырамыз.
🔹 Тегін кеңестер беріледі:
* несие жүктемесі және төлемді кешіктіру салдары
* қарызды қайта құрылымдау және төлемдерді кейінге шегеру
* коллекторлық ұйымдармен өзара іс-қимыл
* жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі
👥 Іс-шараға:
— Прокуратура өкілдері
— Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
— Әділет департаменті
— Мемлекеттік кірістер департаменті
– Пробация қызметі
— Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы
— Ақтөбе облысының адвокаттар алқасы
— Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
— Еңбек мобильдігі орталығы және қалалық мансап орталығы
— Екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысады.
📌 Іс-шара «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында өткізіледі.
💬 Келіңіздер, маңызды қаржылық сұрақтарыңызға нақты жауап алыңыздар!



