Заң мен тәртіп

«Жастарға кеңес:» заңға құрмет, тәртіпке бағыну

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе автожол колледж оқушыларымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында маңызды кездесу өтті. Шара Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасының прокуроры Темірлан Сапақов, қалалық полиция басқармасының полиция лейтенанты Айнара Егізбаева мен аталған басқармада жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты Орынбасар Утаралинов және облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлы қатысты.
Спикерлер жастарға заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке жауапкершіліктің маңызы туралы түсінікті әрі нақты мысалмен баяндады. Сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру, білім мен спорттың өмірдегі рөлі, тәртіп пен еңбекқорлықтың жетістікке жетудегі орны кеңінен сөз болды.
Кездесу еркін форматта өтіп, жастар тарапынан сұрақтар қойылып, пайдалы кеңес алды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button