Пікір

Қазақстанның жаңғыруы — мемлекет дамуының бастауы

Абай ДҮЙСЕНБАЕВ,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамдық-саяси даму жағдайында мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықпен тікелей байланыс орнатуы ерекше маңызға ие. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты – осы бағыттағы маңызды саяси оқиғалардың бірі. Бұл сұхбатта елдің ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық реформалар, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тұрақтылық және мемлекеттік басқару мәселелері кеңінен қамтылды.
Сұхбат барысында мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Президент реформалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтіп, тұрақтылық пен заң үстемдігін басты құндылықтар ретінде көрсетті. Экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сұхбаттың өзегіне айналды.
Сонымен қатар, әлеуметтік салаға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерін жетілдірудің маңызын атап өтті. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты екені айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі маңызды саяси құжаттардың бірі болып табылады. Сұхбатта көтерілген мәселелер елдің болашағының дамуына негіз болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button