Заң мен тәртіп

Ұлттық тәрбиенің негізі

Заңға бағыну — тек талап емес, әр адамның Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілігі. Мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығы тәртіп пен заңдылыққа тікелей байланысты. Сондықтан құқықтық сауат пен заңға құрмет тәрбиенің негізгі өзегіне айналуға тиіс.

Заңға бағыну — саналы азаматтың таңдауы. Ортақ тәртіпке мойынсұну адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсетеді. Жастар құқықты біліп қана қоймай, оны өмірде қолдана білуі маңызды. Құқықтық сауат— парасатқа бастайтын жол.

Колледж басшысы ретінде тәртіпті ұлттық тәрбиенің діңгегі деп санаймын. Бүгінгі жас— ертең ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан олардың бойына заңға құрмет пен ұлттық құндылықтарды қатар сіңіру — уақыт талабы. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөз құқық пен тәрбиенің ажырамас байланысын айқындайды. Ұлттық тәрбиедегі үлкенге құрмет, әділеттілік, шыншылдық секілді құндылықтар — құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Заң мен тәртіпке бағынған азамат болашақта өз отбасы мен  қоғамға адал қызмет ете алады. Қазақта құқықтық тәрбиеге сай қанатты сөздер көп. Мысалы, «Адасқанның алды —  жөн, арты — соқпақ», «Ұрыны үйреткен — ұятсыз» сынды сөздер адамның дұрыс жолдан таймауы керегін меңзейді.

Колледж — жастардың құқықтық санасы мен патриоттық рухын қалыптастыратын орта. Оқу орнында жүргізілетін тәрбиебілім алушыларды адалдыққа, әділеттілікке, жауапкершілікке баулып, толыққанды азамат болып қалыптасуға жетелейді.

Гаухар САРҚҰЛОВА,

«ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖШС директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button