Мемлекеттік аудит нәтижелері талқыланды

Дөңгелек үстел
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Нұғыманов дөңгелек үстел форматында білім басқармасы ұжымымен және колледж өкілдерімен кездесті.
Талқылау тақырыбы жекелеген колледждерде техникалық және кәсіптік білім беруге бөлінген бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және пайдалану мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларына арналды.
Кездесу барысында тексеру нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ бюджет заңнамасын, даму жоспарларын іске асыру бөлігінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге егжей-тегжей талдау жүргізілді.
Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жолданды.
Бұдан басқа дөңгелек үстелге қатысушылар берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалу барысын талқылады.
Ж.НҰРДӘУЛЕТОВ.



