Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды

Ақтөбе облысының әкімі, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Асхат Шахаровтың төрағалығымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында өңір басшысы өткен отыз жыл ішінде Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналып, қоғамдық келісімді, тұрақтылық және ұлттық бірлікті нығайтуда шешуші рөл атқарғанын алға тартты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жатқанын атап өтті. Облысымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл ішінде өңірде бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту саласында бірқатар жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізді.  Атап айтсақ, білім беру, мәдениет мекемелерінде, ұйымдарда, аудандарда жалпыұлттық бірлікті нығайту, мемлекеттік тілді және ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша кездесулер, сонымен қатар, этномедиация бойынша семинарлар,  қайырымдылық акциялары, шығармашылық ұжымдардың концерттері және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып, мыңдаған адам қамтылды.  Осы өздеріңізбен бірлесе өткізілген іс-шаралардың арқасында өңірде татулық пен достықты нығайтып келеміз», – деп атап өтті әкім.

Сондай-ақ жиында ҚХА Ақтөбе облысы бойынша төраға орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Сергей Вишняк сөз алып, Ассамблеяның атқарған жұмыстарына тоқталды. Ал, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Роман Рахиев ардагерлердің бейбітшілік пен келісімнің 30 жылына қосқан үлесін тілге тиек етті.

«Ақтөбе облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы ел бойынша үздік бестікке енеді. Біз әрі қарай да бар күшімізді салып, халықтар арасындағы достықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін жұмыс істей береміз», – деді Сергей Вишняк.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі этномәдени бірлестік өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға, педагогтарға, ҚХА ардагерлеріне, сондай-ақ Ассамблея бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысып жүрген жас көшбасшыларға табысталды. 

Марапатталғандардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облысы бойынша төраға орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Сергей Вишняк, ҚХА төрағасының облыстағы орынбасары, «Ақтөбе облысы корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юрий Шек, Ақтөбе облысының корейлер қауымдастығының ардагері Константин Цхай, «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігінің ардагері Хасан Сағаев, ҚХА ардагері Еркін Құрманбек және басқалар бар.

ҚХА мүшелері еңбектеріне берілген жоғары баға үшін алғыстарын білдіріп, достық, төзімділік пен бірлікті дамытуға әрі қарай да үлес қосуға әзір екендіктерін жеткізді.

Н.ДАБЫЛ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button