Жаңалықтар

Өңір басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Қабылдауға тұрғын үй, жер телімі, жұмысқа орналасу және әлеуметтік қолдау көрсету мен елді мекендерді абаттандыру мәселелерімен 18 азамат жүгінді.

Алғашқылардың бірі болып қабылдауға Мәртөк ауданының зейнеткері С.Елеусізов келді. Ол былтыр қазан айында Қаратоғай ауылындағы электр сымдарындағы ақаудың салдарынан өртенген үйі туралы айтып, көмек сұрады. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға жағдайды жіті қарап, өтініш берушіге қолданыстағы заңнама аясында қажетті қолдау көрсетуді және тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қарауды тапсырды.

Өтініш білдірушілердің арасында аймақ басшысына тұрғын үй мәселесін айтып келген бірнеше тұрғын болды. Барлығы – ЖАО кезекте тұрған азаматтар. Асхат Шахаров әрқайсысын зер сала тыңдап, баспаналар әр азаматқа заңға сай кезек бойынша қатаң түрде жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Ал, ақтөбелік Ш.Тілепов жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Оның сұрағы тиісті жұмыспен қамту қызметтеріне жіберілді. Хромтаудан келген бір топ тұрғын пайдалануға берілмеген «Қазына Премиум» тұрғын үйі туралы мәселені көтерді. Өтініш иелері нысанның құрылыс жоспарын өзгертуге қатысты көмек сұрады. Бұл бойынша облыс әкімі бейінді қызметтерге жағдайды зерделеу және құқықтық баға беру туралы міндет қойды.

Абаттандыру мәселесіне қатысты сұрақтар да назардан тыс қалған жоқ. Әйтеке би ауданы Тұмабұлақ ауылының тұрғыны М.Уайсбаев ауылды газбен қамтамасыз ету және жолдардың жай-күйі туралы сұрақ көтерді. Сондай-ақ, Ш.Айманов көшесіндегі №21 үй тұрғындарының «Мекен-5 СК» ПИК жұмысына шағымы тыңдалды. Барлық өтініштер бойынша жауапты ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімі барлық өтінішқолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатынын атап өтті.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button