Жаңалықтар

Қолдау жалғасады

Форум

2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Осы орайда облыстық әдістемелік орталығында «Аутизм. Әлем барлығына ортақ» форумы өтті. Облыстық форумға білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева, қоғамдық бірлестік өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен ата-аналар қатысты.
Аутистік бұзылысы бар балаларға және олардың ата-аналарына қажетті ақпарат пен ресурстарды ұсына отырып, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру, осы диагноздағы балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру тақырыбында өткізілген форумды облыстық білім басқармасы мен «Асыл Мирас» аутизмді қолдау орталығы ұйымдастырды.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, облыста инклюзивті білімді қажет ететін балалар саны артқан. Аутистік бұзылысы бар 300-ден аса бала орын тапшылығына байланысты арнайы білім беру ұйымдарына бара алмай отыр.
Облыстапсихологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің тізімінде 1400-ден астам ерекше бала есепте тұр. Олар облыстағы төрт балабақшада, арнайы білім беру ұйымдарында білім алып жатыр. Сондай-ақ өңірде15 түзету кабинеті бар. Жалпы, 300-ден аса бала орын тапшылығына байланысты білім ала алмай отыр. Бүгінде осындай мәселелерді шешу мақсатында Тұрғындар қалашығы шағын ауданында жаңа балабақша іске қосылмақ. Қазіргі таңда барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, құжаттар рәсімделуде, — деді Дина Жаманбаева.
Айта кетейік, 80-ге жуық қатысушы қатысқан форумда «Асыл Мирас» аутизмді қолдау орталығының мамандары «Ерте диагностика», «АВА терапиясы. Қалаусыз мінез-құлықты түзету», «Джаспер және ESDM әдістерін қолдану» тақырыптарында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Ал облыстық «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының мамандары ата-аналарға тренинг ұйымдастырып, ерекше балалармен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button